Аралас экономика
Қазіргі кезде батыс қоғамында капиталистік және социалистік эконо-
микалық қүрылымдар қатар жүреді. Көптеген елдерде пошта, темір
жол және негізгі энергетика салалары сияқты қызметтер әлеумет-
тендіріліп жагыр. Бүл - соцализмнің таза идеализмнен туындауы
емес. Мемлекеттік меншік көп жағдайда өмір сүруге қажетті, бірақ
тиімділігі төмен қызметтердің жалғасуын қамтамасыз етудің үздік
тәсілі ретінде қарастырылады. Мысалы, денсаулық сақтау мен білім
беру сияқты өзге қызметтер іиіінара әлеуметтендірілген. Өйткені
қоғам бұл қызметтердің кедейлер үшін қол жетімді болмауы этикаға
сай келмейді және оларды ашық нарықта қамтамасыз ету тиімсіз деп
санайды.
Норвегия және Швеция сияқты бірқатар елдерде әлеуметтік қыз-
мет көрсету «әркімнен қабілеті жеткенше, әркімге сұранысына қарай»
деген қагидадан ілгері жылжыды. Әлі күнге дейін денсаулық сақтау
мен білім беру саласында теңсіздік бар, бірақ бұл салалардағы ақылы
қызметтерге қарағанда, бұл теңсіздік елеусіз болып көрінеді.
Басқа Батыс елдерімен салыстырғанда, АҚШ капиталистік эко
номика жүйесіне жақын. Республикалық партия әлеуметтік қыз-
меттердің үкімет тарапынан көрсетілуін қысқартуды талап етті.
Ал Демократиялық партия, керісінше, көбейту керек деді. Бола-
|