САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
В89
ту үшін күресті. Сөйтіп, корпорациялар іріленіп, қуатын арттырғаны
соншалық, олар АҚШ экономикасына түгелдей ықпал ете бастады.
Wal-Mart - осы тенденцияның айқын мысалы.
Wal-Mart бағаны қымбат етіп қою арқылы емес, арзан тауарды көп
мөлшерде сату арқылы табыс табады. Wal-Mart-тағы арзан бағаның же-
келеген тұтынушылар үшін пайдалы екені сөзсіз. Бірақ мұндай арзан
тауардың ақысын әркім әрқалай төлейді. Wal-Mart кез келген нарықта
(ойыншықтар, көлік дөңгелектері, киім және т.б.)
с ү б е л і
үлеске ие бол-
ғандықтан, өнімдерін Wal-Mart арқылы саудаламаған өндіруші биз-
нестен шеттетіледі. Сонымен қатар Wal-Mart арқылы жұмыс істейтін
өндірушілер де бизнестен алшақтатылуы мүмкін. Өйткені Wal-Mart
тауар бағасын төмендетуді талап ететіні соншалық, олар мүлде пай-
да көрмей қалады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін өндірушілер
жалақыны барынша азайтады немесе арзан жұмыс күшін пайдалану
мақсатында өндіріс орнын шетелге көшіреді.
Wal-Mart компаниясымен бәсекеге түскен көптеген дүкендер де
компанияның жыртқыштық баға саясатының кесірінен нарықтан
ығысып қалды. АҚШ қалаларына жеткен Wal-Mart дүкендердің жа-
былуына, ал онымен бәсекелес сауда орындарында жалақының тө-
мендеуіне әкеп соқтырды. Жұмыс орындарынан айырылып қалған
адамдардың көбінде Wal-Mart-қа жұмыс істеуден басқа амал болмай-
ды, ал ондағы жалақы кедейлік деңгейінен де төмен (United Food and
Commercial Workers, 2006). АҚШ-тың жаңа экономикасында Wal-Mart
өз бағасы мен жұмысшыларының жалақысын белгілеумен ғана шек-
телмейді, сонымен бірге жеткізушілердің тауарына баға қоюды, қала
берді жеткізушілерінің де, бәсекелестерінің де жұмысшыларының
жалақысын тағайындауды тиімді іске асырып отыр (Fishman, 2006;
Lynn, 2006).
Достарыңызбен бөлісу: |