Дамуы төм ен ел дер дегі кедей лік
Дүниежүзі бойынша 500 миллиондай адам асқа жарымайды және
жыл сайын Африка мен Азияда ашаршылық көрініс табады. Бұған
қоса 1 миллиард адам нашар тамақтанады, білім алмайды және әлеу-
меттік тұрғыдан қорғауға алынбаған. Олар - сол туу көрсеткіші жоға-
ры аймақтардың тұрғындары.
Кейбір бақылаушылардың пайымдауынша, дамушы елдердегі
кедейлік туу көрсеткішінің тым жоғары болуынан. Бірақ бұл негізгі
немесе бір ғана себеп емес. Кедейлік пен ашаршылық, ең алдымен,
соғыс, жемқорлық және демократиялық емес елдердегі теңсіздік тәрізді
келеңсіз жайттардың салдары. Сондай-ақ шикізат пен табысты неғұр-
лым кедей елдерден алатын әлемдік экономика жүйесі де ықпалын ти-
гізіп отыр (Chase-Dunn, 1989; Dreze 8с Sen, 1989; Sen 1999). Бір анығы - кедей
елдердің азық-түлікті импорттауынан экспортқа шығаруы көп (Lappe,
Collins, & Rosset 1998). Мысалы, 1990 жылдары Куба халық санының өсімі-
нен кедейленген жоқ. Оған елдің авторитарлық үкіметінің экономиканы
мықтап дамыту орнына кейіннен ыдырап кеткен КСРО-ның субсиди-
яларына иек артуы себеп болды. Конго Демократиялық Республикасы-
ның тұрғындары да жоғары туу көрсеткішінен емес, соғыстың кесірінен
ашығып, өліп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |