Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет756/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   752   753   754   755   756   757   758   759   ...   870
Туу көрсеткіштері

Соңғы  20  жылда  АҚШ-та  әр  әйелге  шаққандағы  бала  туу  көрсеткіші 

халық саны өсімінің нөлдік деңгейі шамасында болды. Мұндай төмен 

көрсеткіш  әлеуметтік  таптың  азаюына,  туу  коэффициентіндегі  нә- 

сілдік  және  діни  айырмашылықтарға  да  байланысты.  Кейбір  әйел- 

дер жасөспірім кезінде, ал енді бірі 40 жасында балалы болады, бірақ 

қай-қайсысының да екі баламен шектелуі жиіледі.

Өлім көрсеткіштері

АҚШ отбасылары үшін өлім -  өте сирек болатын жағдай. Өмірдің орта- 

ша ұзақтығы 80 жасқа жақындады, ал 65 жасқа ауырмай жеткен адам 

тағы  20 жыл анық өмір сүреді деп  күтуге  болады.  Ата-аналары  бала- 

ларының аман-есен жетіліп, ұзақ өмір сүретініне сенімді бола алады. 

Егер жас жұбайлар ажырасып кетпесе «алтын тойға» жетері анық.

1970  жылдан  бері  орташа  өмір  сүру  ұзақтығына  7  жыл  қосыл- 

ды.  Бұл,  ең  алдымен,  қарт  адамдар  жиі  шалдығатын  дегенеративгі 

(жүрек  аурулары және  қатерлі  ісік) ауруларды диагностикалау және 

емдеу жолдарының жақсаруымен байланысты. Сонымен қатар нәсіл- 

дік және  әлеуметтік тап  арасындағы  өлім көрсеткіштерін төмендету 

де  себеп  болып  отыр.  1940  жылдардың  бас  кезінде  афроамерикалық 

әйелдердің ғұмыры «ақ» әйелдерден 12 жылға қысқа болатын, бүгінде 

айырмашылық 3 жылдан астам (U.S. Bureau of the Census, 2011c).

1981  жылы  алғаш  анықталған  СПИД дерті  өлім-жітімді көбейтті. 

Соңғы  жылдары  СПИД-тен  қайтыс  болғандардың  саны  біршама  азай- 

ғанымен, 25-44 жас аралығындағылардың әсіресе афроамерикалықтар 

мен латынамерикалықтардың өліміне бірден-бір себеп осы дерт болып 

отыр.  Негізінен,  есірткіні  күре  тамырға  егу  арқылы  жиі  таралатын 

СПИД кедейлер мен тұрмысы төмендердің ауруына айналды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   752   753   754   755   756   757   758   759   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет