Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Шағын қаладағы және ауылдағы өмір



Pdf көрінісі
бет777/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   773   774   775   776   777   778   779   780   ...   870
Шағын қаладағы және ауылдағы өмір

Мемлекет халқының шамамен  17  пайызы  ауылда  немесе  шағын қа- 

лаларда  (халқы  2500 адамнан кем) өмір сүреді.  Кейбіреулер ірі қала- 

ларда,  бірақ көбі Мэн  штатынан Алабамаға дейінгі,  Калифорниядан 

Флоридаға  дейінгі  елді  мекендерде  тұрады.  Бұл  жерлердің  өзіндік 

ерекшеліктері  көп,  ауқымы  да  зор.  Бұл  аумаққа  Колорадо  штатын- 

дағы  Теллурид  сияқты  көлемі  бойынша,  екінші  миллионер  қала- 

лардан  бастап,  Канзастағы  ауыл  шаруашылығы  жойылып  жагқан 

қалаларға  дейін,  Пенсильваниядағы  амиша  қауымдастығы  және 

Солтүстік  Дакотадағы  қарқынды  дамып  келе  жатқан  мұнайлы  қа- 

лалар  жатады.  Кейбір  ауыл  шаруашылығы  аудандары,  негізінен,  ақ 

нәсілді, кейбіреуінде афроамерикалықтар басым және халықтың көп 

бөлігі испантілді.

Ауылда  және  шағын қалалардағы  өмір  бірнеше  себептермен жа- 

ғымды  болады  (Brown  &  Swanson 2003):  үлкен  жер  телімдерін  үсына- 

ды,  жылжымайтын  мүлікке  салық  томен  және  түрғын үй  (демалыс 

аудандарынан басқа жерлерде) алу қиын емес.

Мұнда  қылмыс  пен  есірткі  турасында  алаңдамауға  болады. 

Бірақ алкоголь қолданушылар көп кездеседі. Көбі астаналық емес ай- 

маққа  тән  консервативті  көзқарасты  бағалайды.  Сөйтсе  де  ауылдық 

және  астаналық  қоғамдар  арасындағы  мәдени  айырмашылық  ай- 

тарлықтай  көп  емес.  Мысалы,  толық  емес  отбасы,  некесіз  өмір  сүру 

және  ажырасу жағынан келгенде  ауылдық және қалалық отбасылар 

үқсас.  Сонымен  қатар  ауылдық  тұрғындар  иммигранттыққа  қарсы 

және  бала  алдыртуға  қарсы  қағидаларды  үстануы  және  қала  халқы 

сияқты  өлім жазасына  қолдау көрсетпеуі мүмкін  (Lichter and  Brown, 

2011).  Дегенмен  отбасылық  құндылықтарды  үстанатын  отбасылық 

шаруашылықтары, тұрғындарды  қабылдайтын  шіркеуі және  шағын 

өндірістік кәсіпорыны  бар  ауылдық аймақтарда  балалар  мен  ересек- 

тер сыпайы көршілік және қоғамдық бірлік жағдайында  өмір  сүреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   773   774   775   776   777   778   779   780   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет