430
14-ТАРАУ
тұрғылықты халықтың көңілінен шыға қоймайтын талаптарымен
қоғамдастыққа қысым көрсетеді (Lichter and Brown, 2011).
Бұл бізге не береді?
Сандық көрсеткіштің маңыздылығына дау жоқ. Әлемде, жергілікті
жерлерде халық саны өскен сайын мұның әсері сезіле түседі. АҚШ-та
халық санының өсуіне қарай америкалықтардың табиғи ресурстарды
пайдалануы да артып, оның залалы орасан екендігі қоршаған орта-
дан білінді. Әсіресе дамушы елдерде тұрғындардың көбеюі - маңызды
мәселе. Өйткені ол кедейліктен туындап қана қоймайды, кедейлік-
ті одан әрі өршітеді. Сонымен бірге Еуропа халқы санының азаюы да
үлкен мәселе болып огыр, өйткені жұмысқа қабілетті жастардан гөрі
зейнет жасындағы қариялардыц саны артып барады.
Халық санының өсуіне қатысты мәселелер урбанизация және суб
урбанизация мәселелерімен тығыз байланысты. Дамушы елдерде әлі де
жалғасып жагқан индустриализация тенденциясының әсерінен қала-
лар пайда болды. Ал қалалық өмірдің түрлі әлеуметтік саясатқа қарай
айқындалған мәселелерінен қала маңы мен шеткері қалалар дамыды.
Әрбір қоршаған ортаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |