Символдықинтеракционизм теориясы: саяси процесс
Ресурстарды жүмылдыру теориясы әлеуметтанушылар үшін маңыз-
ды. Бірақ оны екі себепке байланысты сынаушылар да бар. Біріншіден,
бұл теория әлеуметтік қозғалыстарды қоздыратын жеделдік пен нара-
зылықтың маңызын жояды (Morris & Mueller, 1992). Екіншіден, екіұш-
ты жеке наразылықтан жаңа ұжымдық бірегейлік пен ұйымдасқан
саяси іске алып келетін маңызды процесті елемейді (Jasper & Poulsen,
1995; Williams, 1995). Осындай қарастырылмаған тұстары болғандық-
тан, саяси процесс теориясы пайда болды. Саяси процесс теориясына
сәйкес, әлеуметтік қозғалысқа екі нәрсе қажет: саяси мүмкіндік және
«көтерілісшіл сана». Саяси м үмкіндікке бұдан бұрын құрылған, сон-
дықтан жаңа қозғалыстың көшбасшыларын мүшелермен, телефон
желісімен, компьютерлермен және басқа ресурстармен қамтамасыз
ете алатын ұйымдар ие болады. Саяси мүмкіндіктердің болуы бірне-
ше факторға - соның ішінде қоғамның индус гриялану деңгейіне, со-
ғысқа және басқа мәдени өзгерістерге байланысты (Meyer, 2004).
Көтерілісшіл сана дегеніміз - өзгерістер әрі қажет, әрі м үмкін деп
санайтын жеке ой. Осылайша, символдық интеракционизм теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |