Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет820/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   816   817   818   819   820   821   822   823   ...   870
Технологиялық императив

дегеніміз -  жаңа технология 

қолжетімді болған кезде оны 

қолданбау мүмкін емес деген 

тұжырымға келу.

І

Әуе тасымалы өте қауіпсіз. Бірақ 



ұшақтар да, әуе қозғалысы да күрделі 

болғандықтан анда-санда қайғылы 

жағдайлар болып жатады. Мұндай 

трагедиялар ықтимал жазатайым 

оқиға лар деп ата лады.



452

15-ТАРАУ

Мысалы,  2003  жылы  Орталық Батыстағы  шамадан тыс жүктелген 

схемалардың кесірінен Орталық Батыс және Солтүстік Шығыс штаттар- 

да, тіпті Канадада 50 миллионға жуық адам бірнеше сағатқа электр қуа- 

тынсыз қалды.

2003  жылғы  оқиға  технологияға  қаншалықты  тәуелді  екенімізді 

және  ол істен шыққан жағдайда  қаншалықты  осал екенімізді көрсет- 

ті. Себебі олардың тұтынушыларға  су тарату жүйесі электр қуатымен 

жұмыс істейді, сондықтан мыңдаған адам сусыз қалды. Жарықтандыр- 

ғыш  батареялары  жыпылықтап,  адамдарға  шам  сияқты  ғана  жарық 

берді.  Көптеген  адамдар достарымен, туыстарымен  байланысқа  шыға 

алмады. Ноутбуктер мен смартфондардың қуаты тез таусылды. Ал ұялы 

телефон желілері электр энергиясынсыз қалды немесе оларға шамадан 

тыс салмақ түсті. Сондықтан адамдар қоңырау шала алмады, хабарла- 

ма не электрондық поштаға жазу мүмкіндігі болмады. Тіпті жүмыста 

телефондары бар адамдар байланыс нөмірлері тізімін компыотерлерде 

сақтаған болса ешқайда қоңырау шала алмай қалды.

Бүл  -   ықтимал  апаттың  бір  мысалы.  Ықтимал  оқыс  оқиғалар  -  

жүйе  қаншалықты  кепілді  болғанына  қарамастан  (Perrow,  1984), 

соншалықты  күрделі  болуына  байланысты  ерте  ме,  кеш  пе  туын- 

дауы  мүмкін  оқиғалар.  Гарыш  кемесінің  аз-маз  кідіріске  ұшырауы, 

атом электр  станцияларынан радиацияның кездейсоқ таралуы және 

электр энергиясының болмай қалуы сияқты ықтимал апаттар -  зама- 

науи технологиялар үшін төлеп отырған бағамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   816   817   818   819   820   821   822   823   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет