Бұл бізге не береді?
Мейлі әлеуметтік қозғалыстарда болсын, мейлі жаңа технологияларда
болсын, қай жерде жүріп жатса да кез келген әлеуметтік өзгерістердің
қарсыластары болады. Әрбір жеңімпаздың жеңіліп қалуы ғажап емес. Де-
мек, өзгерістер шиеленіске түрткі болар ахуал тудырады деген сөз.
1-бөлімде әлеуметтанушының әлеуметтік мәселелерді зерттеу-
дегі тиісті рөлі талқыланған болатын. Олар қүнды болуы керек пе
әлде тұрақты болуы керек пе? Әлеуметтік өзгерістер мен шиеленістер
мәселелері бұл сауалдарға шұғыл назар аудартады. Көптеген әлеумет-
танушылардың жұмысы білім берумен және зерттеумен шектеледі,
алайда олар әлеуметтік өзгерістерді бақылауда, тіпті жасауда белсенді
рөл атқаруы керек дейтіндер де бар. Олар адамдардың бәсекелестікті,
теңсіздікті және әлеуметтік өзгерістерден туындайтын шиеленістерді
түсінуіне және шешуіне әлеуметтанушылар белсенді түрде көмектесуі
керек деп санайды.
Әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтік әділеттілікті арттыруын
қамтамасыз ету үшін әлеуметтанушылар не істей алады? Әлеумет-
танушылар жасайтын үш пайдалы нәрсе:
•
Достарыңызбен бөлісу: |