Бағдарламасы бағдарлама қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде талқыланды. «31»



бет3/6
Дата19.03.2023
өлшемі34,43 Kb.
#75497
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6D020500kaztili2016

5. Аталым теориясы.
Аталымның лингвистикалық табиғаты; онтологиялық және гносеологиялық мәселелері; аталым, референттілік, мағына, мән, аталымның когнитивтік аспектісі; аталым теориясы және сөзжасам мәселелері. Екінші аталым, тілдік семантика, лексикалық таксономия; функционалды грамматика; функционалды синтаксис мәселелері. Аталымның жасалуындағы сананың, танымның, ойлаудың тілдегі таңбасы. Таңба-аталымның қалыптасуы, белгілері, дамуы. Ұлттық таңбалардың негіздері – белгі, нышандар халық болмысындағы әмбебап категориялар.


6. Семиотика.
Семиотиканың негізгі бағыттары мен ұғымдары. Семиотикадағы таңба ұғымы және таңбалар жүйесі. Таңбалардың функционалды категориялары. Лингвистикалық зерттеулердегі семиотиканың рөлі. Ғылым мен мәдениеттегі семиотиканың даму бағыттары.


2 Тіл білімінің/қазақ тіл білімінің философиялық-әдістанымдық мәселелері
1. Лингвистика және тіл философиясы.
Лингвистика және тіл философиясы: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Лингвистикалық білімнің жалпы ғылыми және философиялық аспектілері. Тіл мен философияның байланысы. Тілдің мәні, таңбалық сипаты, шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің арақатынасы және т.б.мәселелердің зерттелуінің философиялық бағыт-бағдары, принциптері. Тіл философиясының зерттеу салалары: тіл, болмыс және ойлау. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі жаңа бағыттардың философиялық негіздері.
Тіл білімінін философиялық проблемалары: тілдің табиғаты мен мәні, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл жүйесі мен құрылымы, тілдің таңбалық сипаты, тілдік мағына, тілдің шығуы, эволюциясы мен тарихы, тіл философиясының пайда болуы мен дамуы т. б. Тіл туралы анықтамалардың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері.
2.Тіл антиномиялары және тіл білімі антиномиялары.
Антиномия ұғымы туралы Ф. де Соссюрдің лингвистикалық концепциясы. Тіл білімі антиномиялары. Тіл және сөйлеу антиномиялары. Таңбаланушы (белгіленуші) және таңбалаушы (белгілеуші). Синтагма және ассоциациялар теориясы. Сөйлеу әрекеті антиномия ретінде.
Тіл, ойлау және тұрмыс. Тіл және қоғам. Мағына және мән. Сөз туралы философиялық рефлексия және оның лингвистикалық ілімдердің дамуына әсері. Уақыт диалектикасы және тіл. Тілді талдау әдістері: талаптарға жарамдылық, репрезентативтілік (сыпаттылық); әдістер қоспасы (синтезі); сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контент-талдау, интент-талдау және басқалары. Жеке лингвистикалық пәндердің (әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика т.б.) әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет