Бағдарламасы бағдарлама қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде талқыланды. «31»


Қазақ тіл білімінің философиялық-әдістемелік негіздері



бет4/6
Дата19.03.2023
өлшемі34,43 Kb.
#75497
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6D020500kaztili2016

3. Қазақ тіл білімінің философиялық-әдістемелік негіздері.
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі жаңа бағыттар мен мектептердің философиялық негіздері: когнитивтік лингвистика, экологиялық лингвистика, функционалдық және коммуникативтік грамматика, психологиялық және әлеуметтік лингвистика, т.б.


3 Тіл білімінің жаңа бағыттары
1. Компьютерлік лингвистика.
Компьютерлік лингвистиканың қолданбалы тіл біліміндегі жаңа бағыт ретінде қалыптасуы мен дамуы, зерттеу нысаны, мақсаты. Компьтерлік лингвистиканың маңызды мәселелері: автоматты оқылатын лингвистикалық жүйе мен лингвистикалық курс арасындағы автоматтандырылған және автоматтандырылмаған қатынасты анықтау.
Компьтерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар: табиғи тілді автоматты өңдеу, компьютерлік лексикография және машиналық аударма, ақпараттық-іздеу тілдері және тезаурус, қарым-қатынасты модельдеу, гипермәтіндік технологиялар, тілдерді оқытудағы компьютерлік технологиялар, тілдердің ұлттық корпусы, зерттеушілерге арналған ресурстар (қорлар), лингвистикалық порталдар мен лингвистика бойынша блоктар.


2.Психолингвистика.
Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Тіл онтогенезі, сөйлеудің өңделіп шығуы, сөйлеуді қабылдау (түсіну), психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, патопсихолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері.


3.Нейролингвистика.
Нейролингвистика – неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Нейролингвистиканың негізгі ұғымдары.
Қарым-қатынас теориясы, сөйлеу актілерінің теориясы, прагматика.Тіл қызметінің үш құрамы: фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау) және церебрация (мида болатын процесс). Мидың зақымдануы кезіндегі сөйлеу үдерісінде болатын өзгерістер; афазия және оның түрлері; нормадан ауытқушылық және норма. Нейролингвистикалық зерттеулердің неврология мен тіл білімі теорияларын дамытудағы маңызы. Нейролингвистиканың тіл білімі (фонетика, семантика, морфология және синтаксис) салаларымен байланысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет