Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
1. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері – 3 кредит
2. Тіл біліміндегі жаңа бағыттары – 2 кредит
Емтихан қабылдау формасы. Емтихан жазбаша түрде қабылданады. Емтихан сұрақтары кафедра мәжілісінде мақұлданып, факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген.
Емтиханға дайындалатын пәндер бойынша тақырыптар тізімі
Бағдарлама мамандық бойынша қабылдау емтиханына дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтар бағдарламада көрсетілген тақырыптардан ерекшеленеді.
1Тіл білімінің өзекті мәселелері
1.Тіл білімі іліміндегі парадигма ұғымы.
Ғылыми парадигма ұғымы. Тіл біліміндегі парадигма ауысымын анықтайтын факторлар. Тіл білімінің қазіргі кезеңдегі мәселелері. Тілдің парадигмалық айрықша белгілері. Тіл білімімен байланысты жаңа ғылымдар парадигмасы: лингвогносеология, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, лингвопраксеология, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, лингвопалентология.
2. Функционалдылық және функционалды грамматика.
Функционалды лингвистиканың негізгі ғылыми мектептері Функционалды грамматиканың зерттеу нысаны, негізгі принциптері. Функционалды-семантикалық өріс теориясы, оның сипаты мен құрылымы Моноцентрлі (бір орталықты), полицентрлі (көп орталықты) функционалды-семантикалық өрістер. Дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы.
3. Мәтін және дискурс. Дискурс және дискурстық зерттеулер.
Мәтіннің қоғамда атқаратын қызмет түрлеріне қарай бөлінуі, құрылымы, олардың бір-бірінен айырмашылығы, ортақ заңдылықтары. Мәтіннің ақпараттық, коммуникативтік, эстетикалық, кумулятивтік қызметі, олардың уақыт және кеңістік ұғымдарымен байланысы. Дискурс туралы жалпы түсінік. Дискурстың теориялық негіздері мен талдау әдістері, зерттелуі.
4. Антропоөзектік бағыт.
Антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуы, зерттеу нысаны. «Тілдегі адам» немесе «адамның тілі» проблемасының антропоөзектік бағыт бойынша зерттелу сипаты. Бұл бағыттың лингвистиканы ғылымның басқа салаларымен жалғастырудағы рөлі, маңызы. Негізгі қағидаттары мен ұстанымдары. Ұлттық сана, оның тілдегі көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |