Бағдарламасы бағдарлама қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде талқыланды. «31»



бет5/6
Дата20.09.2022
өлшемі34,43 Kb.
#39615
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6D020500kaztili2016

4.Этнолингвистика.
Тіл және этнос, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, диахрониялық және синхрониялық этнолингвистика, тіл және мәдениет, объективтік шындық және тілдік таңбалау, кеңістік, уақыт және тілдік таңбалау, халықтық таксономия, әлемнің тілдік бейнесі, тіл және стереотиптер (таптаурындар).


5. ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикадағы басым бағыттар.
Антропоцентризм: тілдік тұлға ұғымы, оның когнитивтік және прагматикалық позициядан талдануы. Тілдік семантика қазақ тіл білімінің басым бағыттарының бірі ретінде. Семантикалық зерттеулерді жүргізудің логика-семантикалық амалы. Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық семантикасындағы «концепт» ұғымы, концептілердің типтері. Функционалды грамматика мәселелері, функционалды-семантикалық өріс проблемасы, функционалды-синтаксис, сөйлем түрлерінің және оның мағыналарының функционалдық сипаты. Қазақ тіл біліміндегі паралингвистикалық, прагмастилистикалық, семантикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттану бағыттары.


4 Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістер
1. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі кездегі қазақ тіліндегі мәдени-тарихи жаңа тенденциялар.
Қазақ тіліндегі тіл дамуының соңғы жылдардағы динамикасы. Қоғамдағы тілден тыс жағдаяттар. Мың жылдықтар шегіндегі қазақ тіліндегі динамикалық үдерістердің комуникативті-прагматикалық сипаты. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы тілдің стилистикалық динамизмі.


2. Қазіргі қазақ тіліндегі термин қабылдау үдерісі және варианттылық, оның тілдік нормаға әсері.
Терминжасам үдерісі. Терминография. Лексикадағы жүйелі үдерістер: кейбір лексикалық топтарды деидеологизациялау, саясаттандыру, метафоризациялау – қоғамдық-саяси жағдайлардың бағасын көрсететін кұрал.


3. Лексикалық семантика және үйлесімділік трансформациясы.
Тілдің пассив құрамындағы лексиканы қолдану ерекшеліктері. Сыртқы және ішкі алмасулардың тілді таратушылар өміріндегі динамикалық үдерістерге жауап беруі. Қазіргі қоғамдық өмір контексіндегі шетелдік сөздер. Жаргондық лексиканы қолданудың ерекшелігі. Қазіргі қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі неологизация типтері. Тілдегі жаңа фразеология, грамматикадағы актив үдерістер: септік функцияларының әлсіреу тенденциялары, синтаксистік ережелердің бұзылуы, морфологиядағы аналитизмнің дамуы. Екпін саласындағы актив үдерістер. Тілдегі жеке бастаманың күшеюі. Ауызша көпшілік коммуникациясы және оның сөйлеу мәдениетіне әсері.

Білімді бағалау өлшемдері мен құзыреттілігі


«Өте жақсы» - материал мазмұны бағдарламадан тыс мәліметтермен толықтырылады; ұғымдардың мазмұны ашылып, анықтамалар дұрыс және толық беріледі, терминдер дұрыс қолданылады; дәлелдеу үшін тәжірибедегі түрлі қорытындылар қолданылады; жауабы нақты, дәлелді және қабылданушының дүниетанымының кеңдігін көрсетеді.


«Жақсы» - материал мазмұны ашылды, анықтамалар мен түсініктер дұрыс берілді, терминдер қолданылды, жауап еркін, бірақ анықтамалар толық емес немесе жауап беруде жүйелілік сақталмады, терминдерді қолдануда кейбір түсініксіз тұстары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет