10-дәріс. Вагондарды түсіруге жіберу. Қызмет көрсету реті және кірме жолдарға вагондарды тапсыру. Тиеп түсіру фронты. Дәріс мазмұны:
Кірме жолына вагондарды тапсыру.
Тиеп түсіру фронты.
Құрамын реттеу және вагонды түсірілуге жіберуге дайындау іріктеме парағы бойынша іске асады, оны маневрлік диспечер толтырады. Вагондарды түсірілімге жіберу алдын ала хабарлау арқылы жазылған уақыты немесе уақыт үзілісі арқылы алушы құрамы мен іске асады. Вагондарды жіберу жайында станция алушыны 2 сағат бұрын хабардар етуге міндетті. Тәртіпке сай хабарламаны жүкалушыға телефон арқылы жеткізсе, онда алушы өз жағынан жауапты адамды белгілеп, оның тегі мен телефон номерін станция бастығына айтуы керек.
Вагондарды түсіруге жіберу уақытын анықтап, хабарлама жіберу үшін станцияда хабарлама кітапшасы бар(Форма ГУ – 2). Вагонды түсірілуге жіберген кешіккен жағдайда (2 сағаттан жоғары) станция жүк алушыға оның алдағы вагон жіберілуінің уақытын хабарлауы керек.
Белгіленген уақыт бойынша немесе уақыт үзілісі арқылы вагондарды жіберу тек кәсіпорынға кіру жолдарында және темір жол мен кәсіпорын арасында жасалатын келісім шарт арқылы іске асады. Жүктерді түсіру.Жабық вагоннан станция қоймасына түсірудің алдында қабылдап–жіберуші коммерциялық тұрғыдан тексереді және пломбылардың іске жарамдылығын тексереді. Егер тексеру кезінде шығынға немесе жүктің бұзылуына әкеліп соғатын жарамсыздық табылса, онда ол келеңсіздікті міндетті түрде басшылыққа жеткізеді.
Қызмет көрсету реті және кірме жолына вагондарды тапсыру. Мекелемерде жататын кіру жолдары өз локомативтарымен қызмет көрсетеді. Егер мекеме немесе ұйымда өз локомотивті болмаса, вагондарды жіберу мен жинау ақылы түрде темір жол локомотивімен орындалады. Темір жолына жататын кіру жолдарға әрқашан темір жол локомотивті қызмет көрсетеді. Станция вагон жіберу туралы мекемеге 2 сағат бұрын айту керек. 50-ге жуық вагонды тиеп түсіру кезінде кіру жолдарында вагондарды жіберу мен қайта жіберу белгілі бір тәртіп бойынша және ереже бойынша орындалады. Берілген мерзімнен кешігіп тапсырылған вагондар жіберілген деп саналады:
хабарламамен және хабарламасыз жіберілген вагондар 2 сағат ішінде жіберілген вагондар;
кесте бойынша жіберілген вагондар – жаңа кесте басталған сәттен;
Вагондар кіру жолынан қойылған келісім шарттарғы тәртіппен қайтарылады. Осыған орай вагондар мекемеден тұрып қалған есептен алынады. Кіру жолына қызмет көрсету жол локомотивімен орындалады – вагондарды жинауға дайындығы туралы хабарлама алған сәттен бастап.
Өндірістің орны және тәртібі қабылда өткізу операциясымен келісім шарт бойынша кіру жолын пайдалану, вагондарды жіберу мен жинау келісімі бойынша орындалады.
Қабылдап өткізу операциясынң уақыты вагонға 1 мин. және барлық вагондар партиясына 30 мин. аспау керек.
Тиелген вагондарды кіру жолдарына тапсыру екі жақтың өткізу мен қабылдап алушы жұмысшыларының қолхатымен бекітімді. Тиелген волондарды тапсыру жүктің жағдайы мен орын санын тексеру арқылы жүзеге асырылады. Вагондардың техникалық қалпын анықтау үшін, кіру жолдарына жіберілетін және кері қайтарылатын вагондарды техникалық бақылау мен тексеру арқылы орындайды.