Арыздар мен талаптар беру құқығы. Талап (претензия) – жіберуші немесе қабылдаушының темір жолға тасымалдау міндеттерінің орындамалғаны үшін ақшалай сомаларды төлеуді талап ететін жазбаша құжат. Жарғыда қарастырылғандай, тасымалдау жөнінде темір жолға талап немесе арызды тек қана жүкті жіберуші немесе жүкті қабылдаушы жібере алады, және талап ету түріне байланысты, Жарғы олардың өкілеттіліктеріне шек қояды. Жүкті жоғалтқанда бұл құқыққа жіберуші де, қабылдаушы да ие бола алады, ал жүктің жетіспеушілік, бүлінуі немесе зақымдалуы жағдайында, сондай-ақ жүкті жеткізуді және беруді кешіктірсе, қабылдаушы ғана арыз беруге құқылы. Тасымалдаушыға арыз немесе талап жариялау құқығын алу үшін, Жарғы белгілі бір дәлелдердің болуын талап етеді. Темір жолға талап етудің құқықтылығын растайтын құжаттарсыз арыз немесе талап жазу – талап тәртібінің бұзылуы болып саналады. Міндетті құжаттар – жүкқұжат, жүк түбіртегі және коммерциялық акт.
Жүктің жоғалуы жөнінде талап қою үшін, жүктің бағытталған станциясының белгілеуі бар жүк түбіртегін көрсету қажет. Бұл мүмкін емес болса, қабылдаушы түбіртектің орнына жүк құнының төленгені туралы құжат және жүктің бағытталған станциясының жүктің келмегенін растайтын белгісі бар темір жол анықтамасын көрсетуге болады. Жүктің жетіспеушілік, бүлінуі, зақымдалуы немесе кешіктірілуі жағдайында арызбен қоса жүкқұжат, сонымен қатар коммерциялық акт берілуі тиіс; жүк жеткізілуінің кешіктірілуі жағдайында – тек қана жүкқұжат.
Арыз жазу құқығын басқа ұйымдар мен адамдарға беруге болмайды, жіберушінің қабылдаушыға немесе қабылдаушының жіберушіге, сонымен қатар жіберуші немесе қабылдаушының жоғары тұрған немесе транспорттық-экспедициялық ұйымға беру жағдайынан басқа. Арыз жазу құқығын басқа біреуге беру құқығының шектелуі тасымалдау үрдісінің ерекшеліктерімен және көптігімен түсіндіріледі.
Талаптар жазу және қарастыру. Жүк тасымалдауымен байланысты талаптарды жіберуші немесе қабылдаушы тек қана жүктің бағытталған жолына ғана бере алады. Жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі, зақымдалуы жағдайында арызды контейнерлік тасымалдау және коммерциялық жұмыс қызметіне бағыттайды; жүк пен қол жүгінің кешіктірілуі, сонымен қатар вагондардың жүкті тиеген кезде тұрып қалуы, немесе контейнерлердің тиелу жерлерінде кешіктірілуі, вагондарға жүктің толығымен тиелмей қалған жағдайларында айыппұл төлеуді талап ететін талаптар жіберуші жолдың бухгалтерлік есеп пен қаржы бөлімімен бағытталады; тасымалдау жоспарының орындалмағаны үшін және маршруттардың ұйымдаспағаны үшін айыппұл төлеу жөніндегі талап – жіберуші жолға жіберіледі.
Әр жүкқұжаты бойынша 10 руб.-ден аспайтын арыз жазуға рұқсат етілмейді, жүк жеткізілуінің кешіктірілуіне айыппұл немесе азаматтардан түскен арыздарда басқа.
Талаптарды 6 айдың ішінде беруге болады; жүктің жеткізілуінің кешіктірілуіне және вагондардың тұрып қалуына айыппұл төлеуді талап ететін арыздар – 45 күн ішінде.
Жол талапты қарастыруға және талап етуші адамға оның қанағаттандырылуы немесе қайырып тасталуы жөнінде хабарлауы тиіс: темір жолдың жүкті тасымалдауына байланысты талаптар бойынша – 3 ай, аралас қызметке байланысты талаптар бойынша – 6 ай, айыппұл төлеуді талап ететін талаптар – 45 күн.
Талаптың бөлшектей қанағаттандырылған немесе қайырып тасталған жағдайында, хабарламада бұл шешімнің Жарғыға сілтеме жасай отырып, себебі түсіндірілуі тиіс.