Бағдарламасы баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата13.12.2022
өлшемі279,92 Kb.
#56815
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
1 МППрИ ПС қаз нов

Зерттеу кезеңдері 
зерттеу міндеттерін шешу кезінде аяқталған іс-әрекет 
барысын қамтитын мерзім; әр кезеңнің сипатында және 
мазмұнында қолданылатын әдістердің, орындалатын іс-
әрекеттерінде өзіндік ерекшеліктер бар, олардың 
жиынтығы мақсатқа жету жолында зерттеушінің қозғалыс 
бағытын ашады. 
Зерттеу мақсаты 
педагогикалық 
құбылыстарда 
себеп-салдарлық 
байланыстар мен заңдылықтарды анықтау және олардың 
негізінде теориялар мен әдістемелерді әзірлеу (қандай 
нәтиже алу болжанып отыр? қол жеткізгенге дейін бұл 
нәтиженің жалпы сипатты қандай болмақ?). 
Зерттеу міндеттері 
педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым 
жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу 
керек?). 
Зерттеу 
нәтижелерінің 
сенімділігі 
зерттеу барысында алынған ғылыми-теориялық және 
практикалық нәтижелердің негізділігі, дәлелділігі, 
даусыздығы және ақиқаттығы; алынған нәтижелердің 
шындық дәрежесін, зерттеу барысында олардың 
сенімділігі 
мен 
қайталануын 
ашатын 
ақпарат 
статистикалық ақпарат. 
Зерттеу объектісі 
ғылыми таным, зерттеу, түсіндіру немесе ғылыми әдістерді 
қолдана отырып қайта құру процесі бағытталған 
педагогикалық шындықтың бөлігі (не қарастырылады?). 
Зерттеу пәні 
зерттеу нысанының нақты бөлігі немесе онда болып 
жатқан процесс, немесе зерттелетін проблеманың аспектісі 
(нысан қалай қаралады? зерттеуші зерделеу үшін оған тән 
қандай қатынастар, аспектілер мен функцияларды бөліп 


алады?); 
Зерттеу проблемасы 
практиканың қажеттіліктері мен сұрақтың ғылымда 
өңделу деңгейі арасындағы тұжырымдалған қарама-
қайшылық, сондай-ақ осы қарама-қайшылықты шешудің 
жолдары мен шарттарын іздеу (бұрын ғылымда 
зерттелмегеннің ішінен нені зерттеу қажет?) 
Зерттеу рәсімі 
әзірленген зерттеу әдістері арқылы ғылыми фактілерді, 
жалпылау мен қорытынды алуға бағытталған әрекеттер 
мен амалдардың жалпы жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет