5,5 кг, ұрғашысы 3,8-4,5 кг. Қозының жүні туған кезінде бұйраланып тұрады, өсе келе жүн талшықтары ұзарып, бұйралары жазылып кетеді.
Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ, қызғылт түсті болып келеді. Жүні тұлымды, жылына екі рет (көктем, күз) қырқылады. Қошқарларынан 3,0-3,5 кг, саулықтарынан 2,0-2,5 кг жүн алынады. Сүттілігі 50-60 кг-ға жетеді. Сүтінің май- лылығы 7-8%. Қаракөл қойының еті және майы өте сіңімді әрі дәмді.
Қара түсті қаракөл қойларының биологиялық ерекшеліктері
Зоологиялық классификациясы бойынша қара түсті қаракөл қойы ұзын майлы құйрықты, қалың жүнді, ол елтірі өндіру үшін өсіріледі. Оның қаракөл терісі – өте бағалы.
Қаракөл қойлары кең алқапта жайылуға, артық ыстықты шығаруға мейлінше бейімделген. Олардың дене құрылымы тез әрі жеңіл қозғалатындығын көрсетеді. Қойлардың дене пішімі біршама созылыңқы, жүні едәуір өскелең, көбінесе қара түсті. Қара қаракөл қойларының қозылары жетілген сайын жүндерінің түсі өзге- реді. Мәселен, 4 айлық қара қозылар тобында, яғни енесінен айырған кезде бірша- ма түрлі түсте болады. Бір жарым жасында, яғни ұрықтандырар кездегі қара қой- лардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде ағарады, ал үш-төрт жасында олардың жабағы жүнінің жартысына жуығы қара және жартысы ақ жүн талшықтарынан тұрады. Бұл орайда қылшығы мен түбіті бірдей дәрежеде ағарады. Ал басы мен сирақтарын- дағы жүн өмір бойы қара күйінде қалады.
Қаракөл қойы тез көбейеді, алайда ол оның күтіміне де байланысты болады.
Қазақстанның оңтүстік батысында 100 бас саулықтан 100-110 қозы алады.
Қарақөл қойларының ең маңызды биологиялық ерекшелігі жайылымды пай- далануға икемделгені болып табылады. Тұмсығы тар бола тұра, өте икемді жіңішке еріндері мен өткір қисық тістері арқылы жердегі өсімдіктердің ең ұсағын теріп жейді.
Атырау құйрықты елтірі қойы
Атырау қойы – тегене құйрықты елтірі қой тұқымы. Әрі етті, әрі майлы, әрі ел- тірілік өнімімен ерекшелінетін дүние жүзінде теңдесі жоқ қой тұқымы. Жаңа тұқым ретінде 1998 жылы қабылданған. Қазақтың тегене құйрықты қылшық жүнді қойы мен Еділбай қойының саулықтарын, қаракөл қойының Сұрхандария және Қарақал- пақ сұрының қошқарларымен күрделі будандастыру жолымен шығарылған. Азия, Кавказ, Таяу Шығыстың таулы аудандарында кеңінен таралған. Қошқарлары суыққа бейімделген, алайда нашар көбейеді әрі еті тым майлы болады (құйрығы 40 кг-ге дейін жетеді, тірі салмағынан 25-35% құрайды). Атырау қойынан ет, жүн немесе жоғары сапалы түрлі-түсті сұр елтірі өндіруге болады. Жүні ақшыл сұр, әртүрлі түске бояуға келетіндіктен, кілем тоқуға қолайлы.
Атырау қойы Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген.
Достарыңызбен бөлісу: |