Бағдарламасы «бастау бизнес»


Қазақстанда таралған жылқы тұқымдары



бет101/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Қазақстанда таралған жылқы тұқымдары


Мұғалжар жылқысы – Қостанай облысы «Қостанай» және «Майкөл» жылқы за- уыттарында қазақы жылқы биелерін қалмақ, дон, орлов стрелецк және таза қанды салт мінетін айғырмен шағыстыру арқылы пайда болған.
Мұғалжар жылқысы қазақтың жабы жылқысынан шыққан. Жабы жылқысының шыдамдылығы мұғалжар жылқысында қалған, етті тұқым. Авторлар айғырының салмағына 100-150 кг, биесіне 80-100 кг салмақ қоса білді. Сүттілігі де бар. Оның қасиеті сол.
Жылқы үйірін зерттеу олардың етті тұқым екенін, массалық индексінің 142,6- 158,5 кг болатынын көрсетті.
Мұғалжар жылқысы іштей алты тарамға және 55 тұқымдасқа жіктеліп, үшке бөлінеді: Ембі, Құланды, Сарыарқа (2009 жылдан бастап Қожамберді). Айғырлары 560 кг-ге дейін, биелері 520 кг-ге дейін тартады. Сойыс мал 55-60%-ға шығады, құлындар 80-90%, бие 2000 л. дейін сүт береді.
Мұғалжар жылқысы Қазақстанның барлық облысында бар. Жылқының жаңа тұқымы суыққа төзімді, қыс бойы тебінге түседі, қолға тұратын сәті өте сирек, сон- дықтан көп шығынды қажет етпейді.

Көшім жылқысы


Көшім жылқысы Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жылқы зауыттары мен басқа шаруашылықтарында өсіріледі. Батыс Қазақстан облысындағы Көшім өзенінің атына байланысты Көшім деп аталған. 1976 жылы сәуірде мақұлданды.
Жамбыл облысындағы «Құлан» жылқы зауыты аймағында шоғырланған, жергілікті биелерді таза қанды орыс, Орлов жылқыларымен шағыстыру арқылы алынған қолтұқым. Үйірімен жүреді. Айғырларының салмағы – 540 кг, биелерінікі

  • 492 кг. Биелері тәулігіне 14-19 литрге дейін сүт береді.

Қазақы жылқы


Қазақы жылқының негізі жабы, мыңдаған жылдар бұрын қазақстан жерінде пайда болған, болжам бойынша азиаттық жабайы жылқыдан шыққан, екі тұқымдық түрі тіршілік етеді; жабы және адай жылқысы. Басқа тұқымдардың араласуымен, моңғол, араб жылқысы, қарабайыр және ақалтеке, ал кейініректе ағылшын таза қанды, Орлов және Дон жылқыларының қаны қосылды. Қазақы жылқы – қысқа өте төзімді, 45 градус суықта далада жүре береді, жайылымы нашар жерге де төзімді, етті бағытта жыл он екі ай жайылымда өсіргенге тиімді тұқым. 320-360 кг салмақ тартады. Биелері күніне 8-9 литр сүт береді.
Қазақы жылқылар мініске жарамды, етті келеді (тірілей салмағынан 50%-дан астам ет береді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет