Бизнес-жоспардың осы бөлімі өнімді, тауарлар немесе қызметтерді өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге ғана ұсынылады. Бөлімнің басты міндеті – әлеуетті серіктестерге кәсіпорынның іс жүзінде өнімнің, тауарлардың немесе қызметтердің қажетті санын талап етілген мерзімде өндіре алатынын көрсету.
Осы бөлімде өндірілетін өнімнің саны және мерзімі, түрі және сапасы көр- сетіледі. Бизнес-жоспардың осы бөлімінің деректерін келешектегі 5-7 жылда кел- тірген жөн.
Өндірістік жоспар (өнімнің көлемі мен шығын сметасы бойынша) өнімді өткізу жоспарының және кәсіпорынның өндірістік қуатының есебі негізінде, сондай-ақ өндірістік қорлар мен жоғалтулардың болжамы негізінде қалыптастырылады.
Өндірістік процестің құрылымын сипаттау үшін келесідей деректер қажет:
инвестициялық жобаның аясында пайдалануға жоспарланған өндірістің құрылымы;
технологиялық схема;
шығыс материалдары мен жиынтық өнімдердің тізбесі, олардың саны мен құндық сипаттамалары;
шикізатты, материалдарды, жиынтық өнімдерді негізгі жеткізушілер, жеткізу көлемі мен талаптары;
энергияны, газды, сығылған ауаны, буды және т.б. тұтыну саны, оларды тұтыну бірлігінің құны;
өндіріс процесі мен өнімді сату үшін басқа ұйымдар қызметтерінің тізбесі;
көліктің барлық түрлері бойынша ішкі және сыртқы тасымалдаулардың көлемі, тасымалдау бойынша тарифтер;