Өнімді (қызметті) өткізу көлемі, болжау тұрғысынан алғанда, ең маңызды және қиын болып табылады, себебі нарықты талдау және өнімге деген сұраныстың дең- гейі мен құрылымын қалыптастыру саясаты инвестициялық жобаны іске асыру нәтижелерін айқындайды.
Өнімді өткізу бағдарламасына мынандай көрсеткіштер кіреді:
маркетингінің баға және өткізу стратегиясын әзірлеуге маңызды әсер ететін және өндірістің жоспарын қалыптастыруда пайдаланылатын шығарылатын өнімнің бәсекелік сапасын талдауы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау, әдетте, тұтынушылық сапаның көрсет- кіштері мен құндық көрсеткіштер бойынша Қазақстанда жалпы қолданылатын әдістемелерге сәйкес жүргізіледі. Қолда бар аналогтармен өнімді салыстыру басқа тауарлар арасындағы орнын анықтайды. Бұл кезеңде өнімнің (қызметтің) бағасы анықталуы мүмкін.
Осы бөлімде кәсіпорынның құндық стратегиясына сипаттама келтіріледі. Өнімге алғашқы бағаны анықтау сұранысты, бәсекелестердің бағасына талдау және кәсіпорынның өнімді өндіру және сатуға кеткен шығындарын бағалау нәтижелері- не негізделеді.
Баға стратегиясы мен баға белгілеу әдістемесін таңдауды негізінен екі фактор айқындайды:
нарық түрі (еркін бәсекелестік нарығы, олигополиялық нарық, монополистік нарық;
кәсіпорын мақсаттарының ерекшеліктері, негізгілері мыналар: