Жұмыскерлерді іріктеу – өз бизнесіңіз үшін адамдарды таңдай білу қажет.
Сіздің кәсіпорныңызда кімнің немен айналысатынын түсіну, лауазымдық нұсқаулықтарда міндеттерін жазып көрсету қажет.
Осыдан туындата отырып, осы жұмысты жақсы орындауға қабілетті адамдарды іріктеу.
Даму – жұмыскерлерді оқыту
Негіздеу – адамдарды тиімді еңбекке ұмтылдыруды үйрену.
Жұмыскерлердің есебін жүргізу – барлық жағдайда ҚР еңбек заңнамасының талаптарын сақтау.
Жұмыскерлердің есебі мыналардың көмегімен жүргізіледі:
Еңбек шарты– жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орында- уға, еңбек тәртібен сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасы- ның заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
Еңбек шарттарының сипаттық белгілері осы шартқа қол қойған жұмыскердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы және жұмыскердің азаматтық-құқықтық шарттар үшін, мысалы, мердігерлік шарты немесе тапсырма шарты үшін сипатты болатын жекелеген тапсырмаларды немесе бір реттік тапсырыстарды орындау тәртібінде емес, жұмысты тұрақты негізде орындау міндеті болып табылады.
Еңбек шартының 2 түрі бар.
Жеке еңбек шарты– бұл жазбаша нысанда жасалатын жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы екі тарапты келісім, ол бойынша жұмыскер нақты мамандық бойынша жұмысты орындауға міндеттеледі.
Ұжымдық шарт – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін оқшауланған нор- мативтік құқықтық акт.
Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары еңбек шартымен бекітіледі. Еңбек шарты тараптардың әрқайсысы үшін біреуден, 2 данада толтыры- лады. Еңбек шартында тараптардың құқықтары мен жауапкершіліктері жазылады.
Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:
Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау
Жұмыскердің еңбегін уақытылы төлеу (еңбекақының ең төменгі деңгейінен төмен емес)
Оған демалыс күндерін беру (аптасына бір немесе екі)
Оған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру (24 күнтізбелік күннен кем емес)
Сырқаттанған күндеріне ақша төлеу Жұмыскердің негізгі міндеттері:
Бизнесті сауатты құқықтық сүйемелдеу фирма ішінде де және сыртқы контр-агенттермендетиімдібизнес-процестерқұруғакепілболыптабылады.Өзкезегін-де, электронды мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болатын әртүрліэлектронды алаңдар бар. Ол туралы толығырақ келесі «Бизнес үшін электрондыққызметнегіздері»11-модуліндетанысуғаболады.