Келесі жағдайларда екі тарапта да келіссөздер табысты болады:
Байланыс құндылықтарын мойындайды және жалғастыруға ортақ ниет бар.
Үдеріске белсене қатысады.
Назар аударады және көзқарастарды, құндылықтарды, бір-бірінің пайда мен мақсаттарын қабылдайды.
Қозғалатын мәселелерден жеке тұлғаны анықтайды.
Барлығы қабылдай алатын шешімді әзірлеуде бірге жұмыс істейді. Келіссөздерді табысты өткізудегі пайдалы кеңестер:
Анық қатынас жасаңыз.
Екінші тарапты құрметтеңіз.
Таныңыз және нақты проблемаларды анықтаңыз.
Шешімді көптеген көздерден іздеңіз.
Өзара қолайлы шешімге қол жеткізу жөнінде әрекет етіңіз.
Сенімді болыңыз.
Байланысты сақтаңыз.
БИЗНЕС-ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
Бірінші қадам: «Қорғауға кім қатысады?»
Бизнес-жоспарды қорғау жөніндегі комиссияда кім болады? Олар қандай қызмет саласынан?
Қандай сұрақтар қоюы мүмкін?
«Не істеуім керек?»
Екіншіқадам:«Презентацияқұрылымы» Презентацияның мультимедиялық бөлігі
Презентация – белгілі бір тақырып бойынша түрлі-түсті суреттер жиынтығы, ол PP кеңейтумен арнайы форматта сақталады.
Мультимедиялық компьютерлік презентация – мәтіннің, суреттің, дыбыстың ди- намикалық синтезі
Слайдтарды жобалау қағидаттары:
Бірінші қағидат: «1 = 40»: Бір слайдта 40-тан көп емес сөз.
Екінші қағидат: «Белгілермен алмастыруға болатындардың бәрін алмастыру қажет».
Үшінші қағидат: «20 = 7»: 20 минуттық таныстырылымда 7-ден аспайтын слайд көрсетілуі тиіс.
Төртінші қағидат: «3 + 3»: Бір слайдта 3-тен көп қаріп (шрифт) қолдануға болмайды.
Бесінші қағидат: «Кертілмеген қаріп қолдану»: Экранда жеңіл қабылданады. Times New Roman – кертілген, Arial – кертілмеген.