Егер сіз мәтінді есте сақтай алмасаңыз, аудиториямен көзбен байланысу мүл- де болмайды, себебі қағаздан бас алмай қарап тұруға тура келеді;
Мәтіннен көз алсаңыз, сол жерді қайта іздеп жүресіз. Сіз бірден таба алмай- сыз;
Қолыңыздағы қағаз кедергі келтіреді және қолыңызды қозғай алмайсыз.
Жазып алған мәтініңізді өзгертіп айту қиынға түседі.
Бесінші қадам: «Түзету»
Айтатын мәтініңіз қанша уақыт алатынын анықтап алыңыз. Оған тағы уақыттың бестен бірін қосыңыз. Қандай жерлердің тығыз екенін және ақпараттың жеткіліксіз екенін түсініңіз.
10 минут сөйлеуге дайын болыңыз. Сөйлеуге 6 минут, комиссияның сұрақтары- на 4 минут уақыт қалдырыңыз.
Алтыншы және соңғы қадам: «Қорғау алдындағы демалыс»
Сөйлеуге дайындықтың алдында басқа нәрсемен айналысып, миыңызды ты- нықтырыңыз.
Күтпеген нәрселердің алдын алу үшін:
Бос уақытыңыз болсын. Көңіл-күйді басқару тәсілдері:
Жақ сүйегін жиырма рет алға-артқа белсенді қозғаңыз. Кезбе жүйкенің түп- тері қоздырылады, сигнал орталық жүйке жүйесіне беріледі, адреналин бөлі- неді, көңіл-күйіңіз біркелкілікке келеді.
Сізді шақырғанға дейін күтіп отырғанда, қолдарыңызды түсіріп, бос ұстаңыз. Көз алдыңызға қолдарыңыз ұзарғаны соншалықты, еденге тигенін елестетіңіз.
Білезігіңізді қозғаңыз, саусақтарыңызды қимылдатыңыз, қолыңызды уқа- лаңыз. Қол білезігінің гимнастикасы толқудың қорқыныш эффектісін азайта- ды әрі сөйлеу мүшелерінің жұмысын жақсартады.
Тез-тез жүріп, қолыңызды сермеңіз. Жүректің соғысын жиілететін кез келген қозғалыс жүйкеңізді тыныштандырады.
Генералдың погоны бар ауыр шинель киіп отырмын деп елестетіңіз және ауырлығын иығыңызбен сезініңіз. Иығыңызды түсіріңіз, иегіңізді көтеріңіз, арқаңызды тік ұстаңыз.
Баяу және терең демалыңыз. Көрермендер сізді көруге келген жоқ, олардың өздерін қалай ұстайтынын сіз көруге келдіңіз.
Қалай сөйлегеніңізді еске түсіріп, қайсы сәтті шыққанына көңіліңізді ауда- рыңыз. Осыны есте сақтап, қайта қолданыңыз.
Ең бастысы – көпшілік алдында сөйлеп, мақсатқа жету, соған көңіліңізді ау- дарыңыз