Субсидиялар тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні (әрі қарай АШТӨ) мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында субсидиялау өлшемшарттары мен нормативтерінің егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады. Субсидиялар басым тәртіппен сұранысқа ие өнім өндірісін қолдауға, өндірістік шығындарды төмендетуге бағытталатын болады.
Субсидиялауды жетілдірудің жалпы шаралары. 2017 жылдан бастап субсидия- лау жүйесіне мынадай өзгерістер енгізілетін болады:
салыстырмалы мәндегі, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құ- нының пайызындағы субсидиялаудан абсолютті, құндық мәндегі субсидияла- уға басым түрде көшу;
салада технологиялық процестерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес субсидия- лар беру мерзімдерін оңтайландыру;
мынадай басымдықтар бойынша басымдықпен субсидиялау: импортты ал- мастыру, экспортқа бағдарлану, өзге де бағыттар, ішкі тұтынуды қамтамасыз ету көрсеткішіне қол жеткізу бойынша субсидиялау деңгейі қысқаратын бо- лады;
кредит беру мерзімі бір жылға дейінгі айналым қаражатын толықтыруға ар- налған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қоспаған- да, мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттемелерінің шоғырлануын болдырмау үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан инвестициялық шығындарды субсидиялауға көшу;
маңызды өңірлік мәні бар АӨК өнімінің жекелеген түрлерін субсидиялауды уәкілетті орган әзірлейтін қағидалар бойынша ЖБ қаражаты есебінен жүзеге асыру.
Бұдан әрі субсидиялау жүйесі мынадай түбегейлі өзгерістерге ұшырайды:
субсидиялауға арналған барлық өтінімдерді қараудың, мониторинг жүр- гізудің және деректерді алушылар бойынша топтастырудың автоматтанды- рылған жүйесін кезең-кезеңмен енгізу;
шығындардың жекелеген түрлерін субсидиялаудан кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері және төленетін субсидия тиімділігінің мониторингі негізінде оны кешенді субсидиялау саясатына көшу;
берілетін субсидия түрлерін және АӨК субъектілерінен сұралатын құжаттар- ды түбегейлі азайту;
субсидиялардың тиімділігін арттыру және АШТӨ-нің мемлекеттік қолдау ша- раларымен қамтылуын кеңейту мақсатында субсидиялау нормативтері мен өлшемшарттарының барынша егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады.