Бағдарламасы «бастау бизнес»


Микрокредит дегеніміз не?



бет29/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Микрокредит дегеніміз не?


Жоғарыдағы мемлекеттік даму бағдарламаларынан сіз шағын несие, олардың қабылдау механизмдерімен таныстыңыз. Толық түсіну үшін бағдарламаларды қол- дау шараларын – несиелерді, кепілдіктерді және субсидияларды тағы бір рет қо- рытындылайық.
Микрокредиттер (немесе шағын несие) – микроқаржы ұйымдарының несие өнімі болып табылады, яғни сол несие сегіз мың АЕК-тен аспайтын мөлшерде шек- теледі. Бұл ең қолжетімді несиелердің бірі, оны алу оңай, сомалар мен мерзім аз, ал екінші жағынан мұндай қарыздар ұйым үшін қайтарылмау қаупін тудырады. Ретімен анықтаймыз.
Банктер өз клиенттеріне несиелердің бірнеше түрлерін ұсынады: тұтынушылық несиелер, ипотека, автонесие, кредиттік карталар және т.б. Әдетте, банктер несие беруде өте қатаң, әсіресе несие үлкен көлемде болғанда.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы несиелерді кепілдендіру


Кредиттік кепілдік бағдарламасы кәсіпкерлерге кепілдіктері жеткіліксіз болса да, банктен қаржы алуға мүмкіндік береді. «Даму» қоры сіздің орныңызға, несие сомасының 85% дейін қайтарылуына кепілдік береді. Кепілдіктер жаңа жобалар- ды іске асыруға, сондай-ақ қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және кеңейту- ге банктермен несие беру кезінде қамтамасыз етіледі. Бағдарлама ісін жаңадан бастағандарға да және әрекеттегі кәсіпкерлерге де, шағын және орта бизнес су- бьектілеріне бағытталған. Бағдарламаны «Даму» қоры және банктер іске асырады.
«Даму» қоры – бағдарламаның операторы, банктер – несие берушілер.

Бағдарламаға кім қатыса алады/қатыса алмайды?


Кәсіпкерлерге кепілдік беру:

      1. өз жобаларын салалық шектеулерсіз ауылдық елді мекендерде, шағын қала- лар мен моноқалаларда іске асыратын және (немесе) жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;

      2. салалық шектеулерсіз барлық өңірлерде өз жобаларын іске асыруды және (немесе) жоспарлауды жүзеге асыратын жас, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер;

      3. МИИДБ анықталған өңдеуші өнеркәсіптің басымды салаларында/экономи- калық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (әрі қарай ЭҚЖЖ) басымды секторла- рында жұмыс жасайтындар;

      4. Ағымдағы кредиттер, лизингілік келісімдер бойынша қарыз/кепілге өтінім беру кезеңінде мерзімі өткен берешегі жоқ азаматтарға;

      5. соңғы есепті күнде, несие алуға өтініш бергенге дейін, салық берешегі, мін- детті зейнетақы жарналары бойынша берешегі және бюджетке әлеуметтік ауда- рымдар бойынша (10 АЕК-тен көп емес) берешегі жоқ азаматтарға.

Бағдарламаның қатысушылары тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдар- ламалар шеңберінде банктер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер болуы мүмкін.
Несиелерді кепілдендіру бағдарламасына қатысу үшін сізге қажет:

  1. Несие алу үшін банктердің біріне хабарласыңыз (Бағдарламаға қатысатын банктердің тізімі: http://www.damu.kz/3144; өтініш формасы: http://www.damu. kz/2637).

  2. Несиені мақұлдағаннан кейін, Банк «Даму» қорына жоба құжаттарын жібе- реді.

  3. «Даму» қоры сіздің жобаңыз туралы 5-15 жұмыс күні ішінде шешім қабыл- дайды және банкке хабарлама жібереді. Кәсіпкер, банк және «Даму» қоры Кепіл- дік туралы келісімге қол қояды.

  4. Кәсіпкерлер қаржысын банктен алады.

Әрекеттегі кәсіпкерлерге 180 млн. теңгеге дейінгі жеке кепілдіктер беру про- цесінде, «Даму» қоры шешім қабылдағаннан кейін Аймақтық үйлестіруші кеңес (әрі қарай АҮК) қатысады және кәсіпкердің өтінішін қабылдап, жобаны мақұлдау туралы қорытынды шешім қабылдайды. Басқа жағдайларда ӨҮК шешімі қажет емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет