Бағдарламасы «бастау бизнес»


«ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдіктері



бет30/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   200

«ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдіктері


2016 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы- сымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2018 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «ҚазАгроКепіл» АҚ бағдарламасының екінші бағыты бойынша, атап айтқанда ісін жаңа бастаған кәсіп- керлер бизнесін ашу, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті кеңейтуге бағытталған шағын қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несиелерді/несиелерді кепілден- діру бөлігі бойынша жұмыс жасайды.
Ауылдағы және шағын қалаларда жұмыс істейтін кез келген кәсіпкер «Аграр- лық несие корпорациясы» қаржыландыратын Кредиттік серіктестіктерінен немесе МҚҰ-дан несие ала алады. Кепілдік құны жетіспеген жағдайда, кәсіпкер «ҚазАгро- Кепіл» АҚ кепілдемелері үшін өтініш бере алады.
Бағдарламаға қатысушылар жұмыссыздар (халықты жұмыспен қамту орта- лықтарында тіркелген/тіркелмегеніне қарамастан), өзін өзі жұмыспен қамтыған- дар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, шаруа және фер- мер қожалықтары болып табылады.
Кепілдендірілген несиенің максималды сомасы – 5000 АЕК-ке дейін. 2018 жылы ол 12 миллион 025 мың теңгені құрайды. Кепілдіктер Бағдарлама шеңберін- де 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек КС/МҚҰ-нан алынған несиелер бойын- ша және Ұлттық қор, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, облыс әкімдігі және микрокредиттің қаражаты есебінен Бағдарламаның шарттарына сәйкес беріледі. Несие/кепілдік мерзімі 5 жылға дейін. Мал шаруашылығы саласында және ауыл шаруашылығы кооперациясын құрғандарға – 7 жылға дейін. Кепілдіктер түпкілікті қарыз алушыға жылына 6% мөлшерінде берілетін несиелерге ұсынылады.
Стартаптар мен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасының 85% дейін кепілдік беріледі. Яғни өз бизнесін нөлден бастағандар несие сомасының 15%-ын жапса жеткілікті. Қалған 85% үлесіне «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік береді. Мысалы, 450 мың теңге көлемінде кепілдікке ие болған кәсіпкер, 3 млн. теңге несие алуға үміттене алады. «ҚазАгроКепіл» АҚ пайда табуды көздемейтін, ком- мерциялық емес ұйым екенін ерекше атап өту керек. Кепілдіктер ақысыз беріледі. Комиссиялар жоқ.
2017 жылы 187 фермер кепілдік пайдаланды, кепілдік алғандардың 44%- ы бизнесті нөлден бастаған кәсіпкерлер. 1 жылдан 3 жылға дейін ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің үлесі 24%-ды құрады. Кепілдіктерге өтініш білдірген әрекеттегі кәсіпкерлердің үлесі 32%-ды құрайды. Қазіргі күнге берілген кепілдік- тердің жалпы сомасы шамамен 981 млн. теңге құрады. Кепілдік бойынша орташа несие сомасы – 6,6 млн. теңге, кепілдіктің орташа сомасы – 4,0 млн. теңге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет