модуль. БИЗНЕС ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ 214
Базалық цифрлық дағдылар және ашық үкімет 214
ЭЦҚ алу және қолдану тәртібі, электронды үкімет порталы, жеке
кабинетте жұмыс істеу дағдылары (www.pki.gov.kz және www.egov.kz) 216
Электрондық қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері 219
Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай порталы
www.goszakup.gov.kz 221
Электронды коммерция 222
модуль. БИЗНЕС-ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ 226
Көпшілік алдында сөйлеу негіздері: шешендік өнер және
құрылымдық таныстыру (өзін-өзі таныстыру) дағдылары 226
Келіссөздер жүргізу дағдылары 231
Бизнес-жобаны қорғау бойынша тәжірибелік жұмыс 236
ГЛОССАРИЙ 240
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР 245
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 246
НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 248
АЛҒЫ СӨЗ
«Атамекен»Ұлттықкәсіпкерлерпалатасыазаматтарымыздыбизнестіңқыр-сырынаүйретіп,маңыздыжұмысатқаруда» Н.Назарбаев
Құрметті оқырман! Сіз табысты кәсіпкер болуды армандайсыз ба? Табысты бизнесті неден және қалай бастау керек екендігін білгіңіз келе ме? Салық есептілі- гі, бизнесті тіркеу және бизнес-жоспар жасауда қиындықтар туындай ма? Онда осы және басқа да сұрақтарға жауапты осы кітаптан табасыз.
Ұсынылып отырған оқу құралында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарла- масының (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) екінші бағыты аясындағы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы бойынша бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудегі қажетті материалдар жинақталып, тәжірибелік жұмыстар мен жат- тығуларды орындауға жұмыс дәптері ұсынылып отыр. Бұл кітап кәсіпкерлік қыз- меттің заманауи теориялары мен тәжірибелерін іс жүзінде қолданып, өз білімін жетілдіремін деген кез келген адамға пайдалы. Кәсіпкерлік негіздерін оқыту бой- ынша оқу құралында кәсіпкерлік психологиясы; табысқа жетудің факторлары; тайм-менеджменттің тиімді ережелері; ісін жаңадан бастаған кез келген кәсіп- керге бизнесін жүргізу және маркетинг негіздеріне сүйене отырып бизнес-идея- сын талдау; ауылшаруашылық кооперациялары мен кәсіпкерлердің агробіліктілік негіздері; кәсіпкерлікті іске асыру үшін қаржылық жоспарлау мен бизнес-жоспар әзірлеу әдістемесі; кәсіпкерлік қызметке салық салу мен салық есептілігі; кәсіп- керлікті заңды тіркеу, кәсіпкердің құқықтары мен міндеттерін айқындау; бизнес үшін электрондық қызмет негіздері мен бизнес-жобаны қорғау бойынша ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің бизнесін құру мен дамытуына қажетті барлық мәліметтерді қамтып отыр.
«Бастау Бизнес» жобасы 2016 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында және Ақтөбе облысының Темір ауданында 282 үміткердің қатысуымен пилоттық режимде бастау алды. Жобаның пайда болуы мен дамуына «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) Төралқа төрағасы Т.А. Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Э.Т. Жұмағазиев маңызды үлес қосты. «Атамекен» ҰКП бастамасымен «Бастау Бизнес» жобасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылдан бастап ауыл халқын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, сонымен бірге ауылшаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олар- дың бизнес-жобаларына қолдау жасауға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасын жү- зеге асырады. 2017 жылғы нәтиже бойынша «Бастау Бизнес» жобасына еліміздің
80 ауданынан 15 000 адам қатысып, оның 3314-і өз бизнесін ашты. Ал 2018 жыл- дан бастап «Бастау Бизнес» жобасы 160 ауылдық аудандағы, облыс орталықтары мен 27 моноқалалардағы 30 000 адамды оқытатын ауқымды жоба болып табы- лады.
«Бастау Бизнес» жобасының («Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты) мақ- саты – еліміздегі жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіп- керлікпен айналысуға тарту арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
«Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының қаржылай емес қолдау операторы болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар жұмыссыздар (халықты жұмыспен қамту орта- лықтарында тіркелген/тіркелмегеніне қарамастан), өзін өзі жұмыспен қамтыған- дар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, шаруа және фер- мер қожалықтары болып табылады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыған Бағдарла- маға қатысушылардың оқу ақысы мемлекет есебінен, сондай-ақ оқығандарға шәкіртақы төленеді.
Оқыту барысында Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар әрі кәсіпкерлік қызмет негіздері жөнінде жан-жақты білім ұсынылады, со- нымен қатар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары таныстырылады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынандай ке- зеңдерден тұрады:
тестілеу;
топтарда тәжірибелік оқыту бизнес-тәлімгерлік және жеке кеңес беру қағи- дасымен оқытылады;
бизнес-жобаларды қорғауға (таныстырылымға) дайындау;
іске қосылған бизнес-жобаларға 12 ай қолдау көрсетіледі. Оқытудың жалпы ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен аспайды.
Оқыту процесіне міндетті түрде жеке кеңес беру, сондай-ақ қаржы алу мақса- тында бизнес-жобаны қорғау үшін көпшілік алдында сөйлеу дағдыларына үйре- тетін тренингілер кіреді.
Оқыту нәтижесі ретінде оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспар- ларды қорғағандар үшін) және оқуға қатысқаны туралы сертификат беріледі.
Қаржылай емес қолдау операторы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ) және/немесе микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) және/немесе кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – КС) және/немесе екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) алдында «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың микрокредит алуға өтінімдерін қарау жайында өтініш жасайды.
2021 жылға дейін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылғандар саны 135 мың адам болады және солардың 27 мың адамы (20%) бизнестерін ашады деп болжануда. Солардың қатарында сіз де болуыңыз мүмкін!