ШОБ-ты МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ: «ЕҢБЕК» НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау құралдары – халыққа кәсіпкерлік қызметті қалып- тастыруға және дамытуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және көтеруге, өмір сүру деңгейін жақсартуға көмек көрсету. Яғни қарапайым сөзбен айтқанда, бұл бизнесті жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлермен қатар, қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсету болып табылады. Алдағы кезде сізге қолдау көрсететін қосымша ақпарат алуға болатын бағдарла- маларды қарастырамыз.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты
Халықты өнімді жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Міндеттері
Бағдарламаның мақсатына және мақсатты көрсеткіштеріне жету үшін жұмыс келесі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
Еңбек нарығында жұмыс күшін арттыру және еңбек ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту.
Сіз үшін, бағдарламаның екінші бағытымен танысу өте маңызды, себебі ол бо- лашақ кәсіпкерлерге бағытталған.
Екінші бағытты қарастырайық.
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;
жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.
«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және қалаларда микрокредит беру мәсе- лелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және ауылдар мен шағын қалаларда 2018 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемле- кеттік гранттар беру мәселесі бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының опера- торлары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |