тұтынушыға сіздің тауарыңыз (қызметіңіз) қажет екендігін түсіндіру;
өзіңіздің тәуекелге, өзгерістерге және еңбекке дайын екеніңізді сендіру мүм- кіндігіне ие болу керек.
Кәсіпкердің дұрыс философиясын қалыптастыра алатын басты қасиеттерінің бірі – оның өзіне деген және күшіне деген сенімділігі.
Адамның сенімділігі оның жүріс-тұрысынан байқалады, себебі ол:
Егер сіз кейбір қасиеттердің бойыңызда жоқ екендігін немесе толықтыру қа- жеттігін сезінсеңіз, онда асығыс шешім қабылдамаңыз. Алдымен, бизнесіңізге және өміріңізді өзгертуге не кедергі екенін түсініп алу керек.
Біздің күнделікті өмір сүру тәсіліміз қандай себептерге байланысты?
Біздің қаржылық жағдайымызға ма немесе өмірге деген көзқарасымызға ма?
Қалыптасқан тәртіпті өзгертудің жалғыз жолы – адамның өзінің көзқарасын өзгерту.
Өзгерістерге әкелетін екі себеп бар:
біріншісі – шабыт;
екіншісі – күйзеліс.
Өзгерістер үнемі болып жатады, бірақ қандай себептен өзгеруімізді біз өзіміз таңдаймыз.
Адамның жеке философиясы қалай қалыптасады? Басында оған біздің айна- ламыздағы (ата-аналарымыз, бауырларымыз, қарындастарымыз...) адамдар әсер етеді, кейін оған балабақша, мектеп, достар, институт және т.с.с. әсер етеді. Біздің
«жеке қолданатын бағдарламамыз» дұрыс ақпаратпен камтылған болса ғана дұрыс шешім қабылдай аламыз. Керісінше болса, шындық пен өтіріктің айырмашылығы- на жете алмай қаламыз да көп қателікке жол беріп, бұрыс шешімдердің нәтиже- лерімен күресуімізге тура келеді.
Жеке философияның қалыптасуы үшін «комфорт аймағы» секілді ұғымды түсінуіміз қажет.
Комфорт аймағы дегеніміз не?