Бағдарламасы «бастау бизнес»


САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ, САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ



бет145/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ, САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ


Салық мiндеттемесi ЖК-ның мемлекет алдындағы мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес ЖК мынадай iс-әрекеттердi атқаруы тиіс:



      1. салық органында тіркелу;

      2. салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объек- тiлердiң есебiн жүргiзедi;

      3. салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер, салық базасы мен салық ставкалары, бюджетке төленетiн салықтардың және төлемдердiң сомаларын, сондай-ақ Салық кодексiнiң ерекше бөлiмiне сәйкес аванстық және ағымдағы төлемдердi есептейді;

      4. салық есептiлiгiн, салық салу нысандарын және Салық кодексiнде белгiлен- ген өзге де нысандарды белгiленген тәртiппен салық органына әзiрлейді және өт- кізеді;

      5. Бюджетке төленетін салық және төлемдер бойынша есептелген және төле- нетін сомаларды, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді Салық кодексінің арнайы бөлігіне сәйкес төлеуге мін- детті.




Қандай салық түрлері мен міндетті төлемдер төленуі керек?


Салық кодексінде салықтың 13 түрі қарастырылған:

  1. Корпоративтік табыс салығы

  2. Жеке табыс салығы

  3. Қосылған құн салығы

  4. Акциздер

  5. Экспортқа салық салу

  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары

  7. Әлеуметтік салық

  8. Көлік салығы

  9. Жер салығы

  10. Мүлік салығы

  11. Ойын бизнесіне салынатын салық

  12. Тіркелген салық

  13. Бірыңғай жер салығы

Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 12 түрі қарастырылған:


    1. жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем

    2. жер учаскесін пайдаланғаны үшін

    3. үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін

    4. қоршаған ортаға эмиссия үшін

    5. жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін

    6. орманды пайдаланғаны үшін

    7. ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

    8. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

    9. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін;

    10. сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін

    11. мемлекеттік баж

    12. алымдар



ЖК салықтар мен төлемақылардың жекелеген түрлерін қалай төлейтініне НА- ЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мысалы, егер ЖК-де салық салу объектісі, яғни жер учаскесі болмаса, онда ЖК төлем жүргізбейді және жер учаскесі бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.
Сондай-ақ мемлекеттік бажды алу объектілері заңдық мәні бар әрекеттер не- месе мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың құжат беруі болып табылады.
Мысалы, заңды негізделген іс – сотқа талап қою, құжаттарды беру – нотариал- ды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) алу.
Салық режимінің қандай түрлері бар және олар салық міндеттемесінің орын- далуына қалай әсер етеді?
Сәйкес салық режимін таңдау ЖК-ні тіркеу кезінде немесе бір салық режимінен екіншісіне ауысу үшін өтінім беру шарттарын орындау барысында жүзеге асыры- лады.
Қазақстанда ЖК-ге арналған мынадай салық режимдері бар:

  1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

  2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі:

    1. Патент;

    2. Оңайлатылған декларация;

    3. Белгіленген шегерімді пайдаланушылар.

  3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдері:

    1. шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін;

    2. ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы коопера- тивтері үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет