НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Арнайы салық режимін (бұдан әрі – АСР) қолдануға болмайды:
Төмендегі қызметтерді атқаратын ЖК үшін:
акцизделетін тауарлар өндiруді;
акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме бағамен сату;
мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және ма- зутты сату;
лотереяларды ұйымдастыру және өткізу;
жер қойнауын пайдалану;
шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (сақтау), сақтау, өңдеу және сату;
кеңес беру қызметтері;
бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;
сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру және брокерлік қызметі;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;
қаржылық лизинг шеңберінде қызмет.
әртүрлi елді мекендерде салық салу объектiлерi бар ЖК-лар;
агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн ЖК арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Арнаулы салық режимі (АСР) – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленген және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін салықтың және төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді қарастыратын бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Шағын бизнес субъектілері үшін АСР-ді келесі шарттарға сәйкес келетін ЖК-лер қолдануға құқылы:
салық кезеңіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны оңайлатылған де- кларация негізінде және тіркелген шегерімді пайдаланумен АСР бойынша қызмет- керлердің санынан аспайды;
салық кезеңіндегі патент бойынша кіріс оңайлатылған декларация негiзiнде және тіркелген шегерімді пайдаланумен АСР-де көзделген шектен аспайды.
ЖК үшін АСР-ге (арнайы салық режимі) мыналар кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |