Бағдарламасы «бастау бизнес»


ЖК қызметін қайта бастау тәртібі



бет154/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

ЖК қызметін қайта бастау тәртібі


Қызметті тоқтата тұру кезеңінде ЖК-да өз қызметін қайта бастау қажеттігі туындаса, ол қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жеріндегі салық органына салық есептілігін ұсынуды қайта бастау туралы са- лықтық өтінішті ұсынады. Бір мезгілде ЖК-да кезекті салық есептілігін ұсыну қа- жеттігі туындайды.
Мысалы, ЖК Исаев 2018 жылғы 1 наурыздан бастап 2019 жылғы 1 наурызға дейін қызметті тоқтата тұруға рұқсат алды. 2018 жылдың тамыз айында ол өз қыз- метін қайта бастау туралы шешім қабылдап, салық органына қызметті қайта бастау туралы өтініш берді. ЖК-да 2018 жылғы 2-жартыжылдыққа 910.00 нысаны бойын- ша декларацияны тапсыру міндеттемесі туындайды.
Патент негізінде жұмыс істейтін ЖК да патент құнының есеп-қисабын ұсыну арқылы қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін оны қайта бастауы мүм- кін, бұл жағдайда ол патент құнының есеп-қисабын ұсыну күнінен бастап қызметті қайта бастады деп есептеледі.


Енді біз кәсіпкерлерге салық салудың негізгі аспектілерін біле отырып,
«Бизнесті құқықтық сүйемелдеу» 10-модуліндегі бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілерімен танысамыз.

10-МОДУЛЬ. БИЗНЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ





    1. Кәсіпкерлер құқығы

    2. Рұқсат беру жүйесі: ШОБ саласын реттейтін рұқсаттар, лицензиялар, ережелер мен стандарттар

    3. Негізгі заң құжаттарын (шарттар, келісімдер, мәмілелер және т.б.) толтыру қағидалары, негіздері

    4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тексеру

    5. Қызметкерлерді басқару. Еңбек шарттары



    1. КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ


Ең алдымен, бизнеспен айналысу кез келген жағдайда сіздің қызметіңізге қа- тысты шығындармен байланысты екенін еске ұстау керек. Мұндай шығындарға мыналар жатады: рұқсаттар мен лицензияларды алу, хабарламаларды беру, бизнес жүргізу ережелерін сақтау, мемлекеттік органдарға ұсынылатын мерзімді есеп- терді рәсімдеу, келісімшарттар жасау, келісімдер жасау, орындалатын жұмыстар туралы куәліктер және т.б.



Мемлекет талаптарын сақтай отырып, өз ісіңді қалай іске асыруға болады?
Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері (2-бап. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі ҚР КК))
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жекеменшік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табы- лады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ осы Кодекстің 10-бабында былай делінген (есте сақтаңыз):




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет