Бағдарламасы «бастау бизнес»


«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың



бет18/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде, жаңа бизнес- идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру. Бағдарламаға қаты- сушыларға Мемлекеттік гранттар, жоспардағы бизнесті немесе қазіргі таңдағы бизнестерін жүзеге асыруға, оларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер, бағдарламаның шеңберінде кәсіпкер- лік негіздері бойынша, оқыту курстарын аяқтаған немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқытуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша, қаржылық қолдау көрсетілмеген оралмандар болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК- ке дейін беріледі.



Ұйым

Бағдарламалар / Мақсаты

Сомасы

ЖАО (Халықты жұмыспен қамту орталықтары)

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.

100 АЕК-ге
дейін

Мемлекеттік гранттар қажетті жабдықтарды, құралдарды, технологиялық жаб- дықтарды сатып алуға жұмсалады. Мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттар- да, несие қарыздарын өтеуге, тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге ұсынылмайды.
Бағдарламаға қатысушы бір рет мемлекеттік грант алуға құқылы. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік грантты алу үшін міндетті шарттар:

    1. кәсібін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық ор- гандарында тіркеу;

    2. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ӨКП) оң қорытындысының болуы;

    3. Бастау Бизнес жобасы немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқы- ту аяқталғаны туралы құжаттың болуы.

Мемлекеттік гранттар қаражаты олардың мақсатына сай пайдаланылады. Мүд- делі органдар мен ұйымдардың қатысуымен, мемлекеттік грантқа үміткерлерден өтініштерді қарастыру жөніндегі комиссия құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет