Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет63/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Нарықта өз тауашаңды айқындау үшін бизнес-идеялардың мысалдары Бөдене фермасы. Елімізде диеталық тамақтануға сұраныс артып отыр. Сон-
дықтан шошқа өсіруді бөдене өсіру алмастыруда және тиімдісі табыстылығында (2-3 айдың ішінде кеткен шығынды жабады) және жаңа бизнес (бәсекелестік әзірге жоқ). Сондай-ақ кәсіпкер фермерлерге жеңілдетілген салық режимі бар.
Құстарды асырау үшін торлар керек (бір торда үш тауығы мен бір қоразын ұстайды). Оларды жақсы желдетілген, жылы бөлмеде өсіреді. Саны бөлме-жайдың көлемі мен бос жұмысшы қолына байланысты (бөдене бизнесі – отбасылық биз- нес). Көп болған сайын, табысы да көп болады. Табыс жұмыртқасын өткізуден және
«артықтарын» етке өткізуден түседі (етке қораздары мен жұмыртқалағанына көп уақыт болған ескі тауықтарын өткізеді).
Балапаннан бастап өсіру үшін кәсіпкерге инкубатор керек болады.
30 күннің ішінде бір бөдене 20-25 жұмыртқа туады, жейтін жемі 750 гр. Азығы- на кететін (1 кг 30 теңге) шығын 2 250 теңге. Коммуналдық төлемдер, ветеринария, тасымалдау – 20000 теңге. 100 бөденесі бар минифермаға айына 22250 тг керек. Бұл ретте 10 жұмыртқа 200-300 тг тұрады, сонда 100 бөдене 2500 жұмыртқа не- месе 50 000 тг табыс әкеледі (етке өткізілгеннен басқа)
Көшет өсіру. Қазақстандағы аз шығын жұмсалатын әрі сұраныстағы бизнес- идея жеміс ағаштарын өсіру болып табылады. Бұл жұмыс қаржы салуды қажет етпейді, бірақ өзінің жерінің, бос уақытының және жұмысшы күшінің болғаны дұрыс. Өйткені көшеттерді тұқымдардан өсіреді. 1 көшеттің орташа бағасы 1500 теңге. 500 ағаштан (1 адам бір жылда өсіре алады) 750 000 тг алуға болады.
Көшеттер мен тұқымдар өсіру. Саяжайлар үшін декоративті бұталар, гүлдей- тін өсімдіктер көшеттері, ал тұрақты тұрғындары бар ауыл үшін өнімділігі жоға- ры, азық-түлік дақылдары көшеттерін өсірген пайдалы. Жидек өсіруге де болады (таңқурай, қара қарақат, шие), жеміс ағаштарын (алма, алмұрт, өрік), картоп, томат, сарымсақ, қияр.
Бастапқы шығындар (теңге): жерді жыртуға арналған жабдық, бұтақтарын кесу, тұқымдар жинау – 350 000 теңге; отырғызатын материал, тұқым – 100 000 тең- ге; инвентарь, өсіруге, суаруға, күтуге арналған жабдық – 150 000 теңге; арнайы препараттар, тыңайтқыштар, құралдар – 50 000 теңге; ұйымдастыру шығындары
– 25 000 теңге.
Табыстылығы (дақыл түріне байланысты) – 20-дан 50%-ға дейін, өтелімділігі – 1 маусым. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден басқа, басқа бағыттағы істермен де айналысуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет