Бағдарламасы «бастау бизнес»


Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қағидалары



бет78/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қағидалары:


  • өз еркімен (мүшелікке) қатысу;

  • қатысушыларға өндірістік және басқа да шаруашылық қызметті жүргізуден пайда табуды қамтамасыз ету;

  • қатысушылар арасындағы пайда мен шығынды олардың жарналарын ескере отырып немесе жалпы жұмыс нәтижелеріне қатысу арқылы бөлу;

  • заңды тұлғалар және оның қатысушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар- дың кооператив қызметіне қатысуын шектеу;

  • кооператив қызметін демократиялық негізде басқару (кооперативтің бір мү- шесі – бір дауыс);

  • өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі анықтау негізінде кооперативтік бірлестік жұмысын ұйымдастыру;

  • кооперативтік ұйымдардың және олардың бөлімшелерінің жедел қызметінде биліктің жоғарғы органдарының тікелей әкімшілік араласуын болдырмау;

  • өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі инвестициялау не- гізінде шаруашылық қызметті ұйымдастыру;

  • еңбекке ынталандыру салаларын және кооперация мүшелерінің өндірісін кеңейту (пайдаға қатысу, дивидендтерді және мүлік үлестерінің, акциялардың және т.б. пайыздарын есептеу) болып табылады.

    1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАЦИЯСЫН ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ




Ауыл шаруашылығы кооперативтері АӨК-тің әртүрлі салаларында (сүт, ет, жеміс-көкөніс, мақта, май және т.б.) ауылшаруашылығы өнімін өндірушіден тұты- нушыға дейін жылжыту процесінде құрылатын болады. Кооперативтерді қалыптас- тыру кезінде ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін, шикізат, азық-түлік және олардың нарықтарының өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.
Ет және сүт нарығында кооперативтер құру тез бұзылатын өнімдер, мал өнім- дерін өндірудің жеке қосалқы және шаруа қожалықтарындағы жоғары үлесі, мал басының аз шоғырлануы, жем-шөп базасына тәуелділіктің жоғарылығы сияқты факторлардың ықпалында болып отыр.
Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өткізу жүйесі нарығы ел аумағында оның жекелеген түрлері бойынша жергілікті өндірісі (ерте өнім беретін, жылуды сүй- етін көкөніс пен жеміс-жидек), қала маңындағы аймақта тұрғындардың шаруа- шылықтары болған жағдайда мамандандырылған ірі ұжымдық кәсіпорын мен жылыжай шаруашылығының негізгі көлемі тез бұзылатын өнімнің көлемдік сипаты, өнімнің маусымдылығы және тұрақты уақытта тұтынуы, кептірілген, мұздатылған, консервіленген, оның ішінде шырындар сияқты өнімдердің баламалы түрлері бар факторлардың әсерінен құрылады. Бұл факторлар оның жекелеген түрлерінің шұғыл өткізуді ұйымдастыру қажеттігін анықтайды.
Ауыл шаруашылығы кооперациясын ұйымдастыру кезінде өнімдерді қайта өң- деудің қазірдің өзінде қолда бар өндірістік қуаты іске қосылатын болады. Қайта өңдеу кәсіпорындары жоқ аудандар аумағында жаңа қуаттың құрылысы кезінде өңделетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көліктік шығындар бірлігінің массасы, капитал сыйымдылығы, ықтимал көлемі мен түскен шикізат маусымдылығы сияқты ерекшеліктері ескеріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жолындағы басты кедергілердің бірі коммерциялық банктер кредит ресурстарының төмен деңгейдегі қолжетімділігінен және маңызды мемлекеттік қолдау болмағандықтан, әлеуетті кооператив мүше- лерінде техника мен жабдықты сатып алу үшін бастапқы капиталдың жеткіліксізді- гі болып табылады. Сондықтан ауылшаруашылығы кооперациясын қалыптастыру тиімділігін арттыру механизмін дамытуда ұсынылатын негізгі міндеттердің бірі кооперативтік құрылымдарды нарыққа барабар көп арналы жүйесімен мемлекет- тік қаражат есебінен, бюджеттен тыс қорлар, заңды және жеке тұлғалардың қара- жатынан, донорлық отандық және шетелдік ұйымдармен қаржылай қолдау болып табылады.
Әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері барын ескере отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленетін болады, олар түсіндіру жұмыстарын, қаржылық, ұйымдастырушылық, насихаттық, кеңес беру, құрылған кооперативтерге ақпараттық көмек көрсетуді қамтитын болады. Әзірлеу кезінде өзара байланысты міндеттер кешені ескеріледі, атаулы іс-шараларды пай- даланылатын ресурстарын көрсете отырып, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдасты- рушылық, өндірістік сипаттағы, оларды алу көздері, ауылшаруашылығы коопера- циясының таралуы және дамуынан шығатын жетістіктердің нәтижелері мен меха- низмі ескерілетін болады.
Өңірлік бағдарламалар оң тәжірибені тарату, өткізу нарығына кооператив- тердің қолжетімділігін жеңілдету, материалдық-техникалық ресурстармен, агро- сервистік қызметтермен жабдықтауға бағытталатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауыл шаруашылығы кооперативі (жер телімдері, соның ішінде жемшөп дайындау, базарлардағы сауда орындары, мал сою пункттері, қажетті коммуникациялар) үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетілетін болады.
Мұнан басқа қайта өңдеуші кәсіпорындармен жеткізу шарттарын жасау, биз- нес-жоспарларды және несие алуға арналған құжаттарды жинауды қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ кооперативтерде эпизоотиялық жағдайлар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ветеринарлық қызмет көрсетілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және бастапқы өңдеу бойынша коо- перативтерге мемлекеттік қолдау, сервистік және кредиттік қызмет көрсету шең- берінде қаржылық және қаржылық емес сипаттағы шаралар жүргізілетін болады.
Қаржылық қолдау шаралары – ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар лизингі, ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарды сатып алу жөнінде- гі шығындарды инвестициялық субсидиялау, АӨК субъектілерін несиелеу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасы мен малдар лизингі, технологиялық жабдық, тексеру одақтарының ауылшаруашылығы коопе- ративтерінің ішкі аудитті жүргізу шығындарын субсидиялау, сондай-ақ еншілес
компаниялар «ҚазАгро ҰБХ» АҚ шарттары бойынша несие және лизинг беру, несие бойынша инвестициялық субсидия есебінен бастапқы төлем (қоса қаржыландыру) өтеумен және өз мүшелеріне кейіннен несие беру үшін рәсімдерді оңайлату.
Қаржылық емес қолдау шаралары– ауыл шаруашылығы оқу орындарына коопе- ратив басшылары мен мамандарын дайындау және олардың біліктілігін арттыру орталықтары үшін оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу, ауыл шаруашылығы жоға- ры оқу орындарында және колледждерде міндетті пән ретінде ауыл шаруашылығы кооперациясының экономикасы және ұйымдастыру курсын енгізу, сондай-ақ жеке қосалқы және шаруа қожалықтары иелерін АӨК субъектілерін ақпараттық қамта- масыз ету бағдарламасына өтеусіз негізде курс тыңдаушылары ретінде біліктілігін арттыруға, басшылар мен мамандардың біліктілігін арттыру агроқұрылымдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы коопераци- ясы мәселелері бойынша біліктілікті арттыру жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, университеттерде, жалпы мақсаттағы орталықтарда және білім беру курстары мен семинарларға қосу.
«Бірлік» бағдарламасы сүт қабылдау пункттерін ашуды және дамытуды көздей- ді. Бағдарлама шеңберінде сүт қабылдау пункттеріне арналған жабдықтарды, сүт таситын көліктерді сатып алу ұсынылады, сондай-ақ айналым капиталын толықты- руға қаражат алуға болады. Бір сүт қабылдайтын пунктке сомасы 10 млн. дейін несие беріледі. Сондай-ақ сүт қабылдайтын пункт пен сүт тасымалдау көлігінің қуаттылығына байланысты бір сүт тасымалдау көлігіне 20 млн-ға дейін қаражат қарастырылған. Сыйақы мөлшерлемесі 6%-ды құрайды, несиелеу мерзімі 78 (жет- піс сегіз) айдан, техникалар және/немесе жабдықтар алуға жеңілдік кезеңі – 24 (жиырма төрт) айдан, айналым капиталын толықтыру 6 (алты) айдан аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет