Организационная структура органов управления, занимающихся обеспечением медицинской и фармацевтической помощи населению



бет1/4
Дата18.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#94542
  1   2   3   4
Байланысты:
-2 2

ҚР ТҰРҒЫНДАРЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ “Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру” пәні Аға оқытушы Елшибекова Қарлығаш Мухаметовна

  • Алматы, 2022
  • ЖОСПАР
  • 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның міндеті және функциялары.
  • 2. Фармацевтикалық бақылау комитеті, оның функциялары.
  • 3.Дәрілік заттар сараптамасының Ұлттық орталығы.
  • 1999 жылғы БДҰ (ВОЗ) «Дәрілерді тиімді регламенттеу. Мемлекет не істеуі мүмкін?» деген құжатында, дәрілер табиғатының ерекше болуы оларға, халық тұтынатын тауарларды сату ыңғайынан ерекшеленетін арнайы ыңғайдың болуын талап ететіні атап көрсетілген. Дәрілік заттардың өндірісін, импортын, экспортын, сақтауын, бөлуін, сатуын және олармен қамтамасыз етуін регламенттеуге мемлекеттік құрылымдар жауапты болуы керек.
  • Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын заңдылық билік органдары, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды.
  • ҚР ДСМ-нің құрылымына кіреді:
  • Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті;
  • Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және медицина техникасының айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  • Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті
  • “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.
  • Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
  • "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларында басшылықты, Комитеттің құзыретінің шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет