Түйнек жемістілер мен тамыр жемістілер: картоп, қызылша немесе сәбізді отамалы дақылдар деп атайды. Бұлар ауа жақсы баратын әрі тез қызатын терең қопсытылған жерде жақсы өседі. Ал қант қызылшасына жұмсақ климат пен өсіретін жақсы жер қажет. Картоп мен жемдік қызылша қатаң жағдайларда әрі жеңіл топы- рақта жақсы өседі.
Далада жемшөп өндірумен қатар техникалық өсімдіктерді өсірудің маңызы артуда. Бұршақ тұқымдастар құрамында ақуыз бен дәумендердің көп болуымен және алдын ала егілетін егін ретінде ерекшеленеді. Бұлар дәнді дақылдарға қа- рағанда топырақ және климат таңдай бермейді. Беделі өсімдіктер (мысалы, қызыл- басбеде, ақжатаған, александриялық беде мен жоңышқа) азотты байланыстыратын түйнекті өсімдіктері бар, тамырларының тармақты болуына қарай құнарлылықты сақтауға әрі күтіп ұстауға әсер етеді.
Малазықтық және техникалық өсімдіктер
Малазықтық өсімдіктер
|
Техникалық өсімдіктер (мысалдар)
|
Беде (шабындық, жатаған, ашыққызыл түсті, александриялық және парсылық, люцерн), Дәнді-бұршақты (егілген бұршақ асбұршақ, жасымық, бөрібұршақ, соя бұршағы) Крестгүлділер (рапс, қыша, турнепс) Біржылдық және көпжылдық шөптер мен беделі-бұршақты аралас шөп
|
Майлы (рапс, шалқан, қыша, күнбағыс) Талшықты (зығыр, сора)
Арнайы (жүзім, құлмақ, темекі) Тұқым шаруашылығы (шөп, беде) Көкөністер (қырыққабат, сәбіз, пияз, шалқан, ақжелкек, қияқты пияз, қияр және т.б.)
|
Кейбір екпе өсімдіктердің өсу температурасы
Достарыңызбен бөлісу: |