Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет84/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200
Өсімдік түрі

Миним °C

Оптим °C

Өсімдік түрі

Миним °C

Оптим °C

Қарабидай

1-2

25-30

Арпа

2-4

20-25

Бұршақ тұқымдастар

2-3

20-25

Сұлы

3-5

25-30

Рапс

2-3

20-30

Тамырлы жеміс

6-8

20-25

Қызылбас беде

2-3

31-37

Жүгері

8-10

32-35

Бидай

2-4

15-30

Қияр

16-19

31-37



      1. Егістікке күтім жасау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясы. Фитосанитарлық нормалар. Зиянкестермен күрес


Азық-түлік өнімдерін алу үшін әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары қажет екендігі белгілі. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі – майлы дақылдар.


Қазақстанда майлы дақылдарды өсіруге өңірлердің маманданып жатқаны анық байқалады. Майлы дақылдың негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанда өсіріледі. Күнбағыс пен рапс солтүстік-шығыс аймақта, зығыр Қазақстанның солтүстігі мен батысында, ал соя оңтүстікте өсіріледі.
Майлы дақылдарды өсірудің артықшылықтары:

        • Азық-түлікке пайдаланылатын майлы дақылдарға жоғары сұраныс сақталады;

        • Қазақстанның табиғи жағдайы негізгі дақыл – бидай дақылына кереғар кел- мейтін, нарықта сұранысқа ие рапс, соя, күнбағыс, шашақты зығыр секілді және т.б. майлы дақылдардың әр алуан түрлерін өсіруге мүмкіндік береді;

        • Күнбағыстан басқа майлы дақылдар дәнді дақылдарға жақсы алдыңғы егіс дақылы бола алады;

        • Өсімдік майын өндірушілер үшін шикізатқа жоғары баға сақталған, бұл майлы дәндерді өсіру мол табыс көзі екенін көрсетіп, инвесторларға оң белгі береді;

        • Қазақстанның материктік орналасуы себебінен сыртқы жеткізушілерге қа- рағанда жергілікті өндірушілер шашақты зығыр, рапс және т.б. аз тасымалданатын майлы дақылдарды өндіру ісінде бәсекелестікке ие болып табылады.

Қазақстандықтар барлық өсімдік майының ішінен күнбағыс майын артық көреді, 95,4% тұтынушылар күнбағыс майын сатып алады. Отандастарымыз зәйтүн майы мен соя майын аз пайдаланады. Бұл майдың түрлерін тұтынушылардың саны өте аз, шамамен 1-5%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет