|
|
бет | 91/200 | Дата | 18.10.2023 | өлшемі | 11,69 Mb. | | #118608 | түрі | Бағдарламасы |
| Байланысты: кітап бизнес бастау 22-23 ж
Босаған парник бөліктеріне бұрыш, баклажан, қызанақ көшеттері отырғызы- лады.
Өсіп келе жатқан қызанақты қажетсіз бұтақтарынан арылтады.
Қысқы жылыжай үшін түсті қырыққабат, қызанақ және қияр көшеттері егіледі.
Ашық топырақта кәді, асқабақ, қырыққабат, қызанақ, бұрыш көшеттері отыр- ғызылады.
Ашық топырақта қиярдың жапырақтарын байлап қою.
Қызанақ үшін тіреуіштер қойып байлау.
Картоп түбін қопсыту, суару.
Жиілігіне қарай сирету.
Тыңайтқыш беру жалғастырылады.
Зиянкестерге қарсы күрес шаралары жүргізіледі.
Шілдеде
Жылыжайдың бір бөлігін қиярдан босатып, тұқым алуға қалдырылған көшеттер отырғызылады.
Қалған қиярдың шіріген жапырақтарын жұлып, жаңа өсіп келе жатқан жапы- рақтарын қалдырады.
Қиярды қоректендіру мен суаруды жалғастырады.
Қызанақтың өгей бұтақтарын бұтайды.
Ашық топырақта қымыздық, рауғаш, пияз-батун, шнитт-пияз отырғызады.
Үрмебұршақтың жоғары өскен жапырақтарын алып тастайды.
Жүйекті құрғақ ауа райында суарады.
Жүйектерді үнемі арамшөптерден тазартып отырады.
Айдың соңына қарай ерте егілген картоп, қырыққабыт, сәбіз, қызылша, пияз дақылдарының өнімі жиналады.
Көкөніс өнімдерін консервілеуге қажетті жабдықтар мен құтылар дайында- лады.
Тыңайтқыш себу жалғастырылады.
Өткен жылдан қалған тыңайтқыштарды үнемі қозғап, ылғалдандырып оты- рады.
Тамызда
Жылыжайдан қияр жиналады.
Қызанақты күтіп-баптау жұмыстары жалғасады. Жақсы жеміс берген қызанақ сабақтарындағы дақылдарды тұқымға қалдырады.
Жылыжай күзгі-қысқы маусымға дайындалады.
Ашық топырақта қиярды күтіп-баптау жалғасады.
Қызанақ тұқымдары дайындалады.
Пияз бен сарымсақ жиналады.
Асқабақтың әр сабағында 2-3 өнімнен қалдырады.
Өнімдерді сақтау жайларын дайындап, оларды зарасыздандыру мен тазалау шаралары жүргізіледі.
Қызанақ, қияр өнімдерін қысқы сақтауға консервілейді. Көкөністерді сақтауға құрғатады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|