Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет92/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Қыркүйекте


Жылыжайға субстрат дайындалады.

  • Күзде егілген қияр, қызанақ, шалғам дақылдарына күтіп-баптау жалғасады.

  • Ақжелкен тұқымын егіледі.

  • Жылыжайдың бос бөліктеріндегі өсімдік қалдықтарын, топырақты тазалайды.

  • Жылыжайда жөндеу жұмыстары басталады.

  • Жылыжай, құрал-саймандар зарарсыздандырылады.

  • Ашық топырақта кеш пісетін қырыққабатты күтіп-баптау жұмыстары жалға- сады.

  • Дақылдарды жинап алғаннан кейін өнімдерді құрғатып, сұрыптап қоймаға сақтауға қояды.

  • Қияр мен қызанақ өнімдерін жинау жалғасады. Көкөністерді қысқа сақтау үшін консервілейді.

Қазанда


Жылыжайға топырақ қоспасы дайындалады.

    • Күзгі-қысқы айналымнан қалған қияр мен қызанақ өсіруді жалғастырады.

    • Парниктегі дақылдарды жинау аяқталады.

    • Ашық топырақта жиын-терім жұмыстары аяқталады.

    • Ақжелкекті қазып алады.

    • Жүйектерді көмеді.

    • Ақжелкен өсіп тұрған жүйектерді топырақпен көмеді немесе оларды құмы- раға отырғызады.

    • Босаған жүйектерді өсімдік қалдықтарынан тазартады.

    • Тіреуіштер мен қадаларды тазалап жуады.

    • Көкөніс өнімдерін сақтауға қояды.

    • Қырыққабатты тұздап басады, қызанақты тұздап маринадтайды. Сәбіз, ақжелкен, қызылша, аскөкті қысқы егіске егеді.

Қарашада


Жабық топырақта күзгі-қысқы дақыл өсіру жұмыстарын аяқтайды.

    • Жылыжайды тазалап зарарсыздандырады.

    • Ақжелкен жапырақтарының алғашқы өнімі кесіледі.

    • Ашық топырақтағы көпжылдық дақылдарды суықтан қорғау шаралары жа- салады.

    • Қыстық көкөніс дақылдарын егу жұмыстары жалғастырылады.

    • Парниктегі құрал-саймандарды, рамаларды жинап, жабық жайға қояды.

    • Жергілікті (табиғи) тыңайтқыштарды жинау басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет