Бағдарламасы: Баяндама. «Отбасы өміраясы». «Бізбіргеміз!»



бет1/3
Дата09.02.2023
өлшемі23,31 Kb.
#66365
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
жиналыс


Тақырыбы:Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру
Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Слайд, қағаздар, шам, доп, жаднама, карточкалар.


Тренинг бағдарламасы:


1. Баяндама. «Отбасы – өміраясы».
2. «Бізбіргеміз!» қызықты сұрақтар жаттығулар.
3. Ситуациялық сұрақтан шығу.
4. Ой-толғаныс «Жалғасын тап»
5.Өлең шумақ
6.Қорытынды


1. Баяндама оқу
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.


2.Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

  1. Балаңыздың туған күні?

  2. Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

  3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  4. Балаңыздың сүйікті асы не?

  5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  7. Балаңыз 1-сыныпқа қайжылы барды?

  8. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  9. Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

  10. Балаңызға математика пәнінен кім сабақ береді?

  11. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

  12. Сабаққа дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

  13. Балаңыз кеше қандай баға алды?

  14. Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

  15. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?

  16. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?

  17. Балаңыздың ең жақын досы кім?



3. Ситуациялық сұрақтар.
Сынақ; Мына үстел үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. (Топпен жұмыс).

-Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. ЖаздыкүніСізоғанұялы телефон және компьютер сатыпалыпбердіңіз. Ендіол оны айналшақтап, қолынантастамайды. Тамақтанса да, теледидаралдында да, тіптісабаққадайындалыпотырғанкезде де үнеміалаңдапотырады. Сіздіңәрекетіңізқандайболареді?


-Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет