Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет1/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.






МАЗМҰНЫ


Пән бойынша оқу бағдарламасы


Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі


Пəннің оқу – əдістемесімен қамтамасыз ету картасы


Дəрістік кешені (дəріс тезистері, ұсынылатын əдебиеттер тізімін)


Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары


Практикалық (семинар) сабағы үшін әдістемелік нұсқау


Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы тақырыптары және орындалу түрі


Білім алушының өзіндік жұмыстары


БАӨЖ, БӨЖ-на қойылатын талаптарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар


Курс саясаты. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар


Пән бойынша оқу бағдарламасы
Жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси
білімдер модулінің үлгілік оқу
бағдарламасына қосымша


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Әлеуметтану

Пәннің мазмұны

Семинар (практикалық) сабақтар тақырыптары

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары

Сағат тар саны

1-апта: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтену және бірегейлік. Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял. Әлеуметтанулық перспектива.

Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау

  1. Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интерак-ционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.

  2. Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтану-дың рөлі туралы эссе дайындаңыз. «Әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). Қазіргі адамға неліктен «әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспектива-ны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз. Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.

4

2-апта: Әлеуметтану теорияларына кіріспе

Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер. Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О.Конт, Э. Дюркгейм, Г.Спенсер). Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар.

Әлеуметтану лық теориялардың даму кезеңдерін талдау

  1. Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын кесте түрінде салысты-рыңыз, өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз (О.Конттың, Г.Спенсердің, Э.Дюркгеймнің Библиогра-фиялық н қараңыз (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).

  2. Атақты әлеуметтанушы-теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.

4




3-апта: Әлеуметтанулық зерттеулер

Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.

Әлеуметтану лық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу

  1. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылық-тары мен кемшіліктерін салыстырыңыз. Кесте құрыңыз.

  2. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеумет-танулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статисти-калық мәліметтерді талдау) ерекшелік-терін талдаңыз.

  3. Әлеуметтанулық зертеудің бағдарла-масын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз).

4

4-апта: Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде. Стратифика-ция және дифференцация жүйелері. Әлеуметтік страти-фикация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратифика ция формалары (П. Сорокин). Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік

Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау

  1. Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). «Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері» тақырыбы бойынша топтық жоба (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөліңіз) дайындаңыз, мысал келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

4

5-апта: Әлеуметтену және бірегейлік

Индивид пен қоғам арасындағы қарым- қатынас. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид). Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп. Бірегейлік және тұлға. Әлеуметтік және жеке бірегейлік. Рөлдер және мәртебелер.

Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену: институттар мен үрдістер

  1. «Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері» тақырыбында презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. ).

2.«Әлеуметтену агенттері» тақырыбын қарастырып, әлеуметтенудің әрбір агентін сипаттаңыз. Сіздің әлеуметта-нуіңіздегі оның рөлін талдаңыз (Д.Бринкерхоф, Р.Уэйтс, С.Ортега Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э.).

  1. «Жеке адамдар «әлеуметтік тіршілік иелері» ретінде» тақырыбында эссе- баяндама жазыңыз.

4

6-апта: Отбасы және қазіргі заман

Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық.
Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі. Неке мен отбасының альтернативті формалары.
Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.

Отбасы: типологиясы, қызметтері, тұжырымдар

  1. Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.

  2. «Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайын-дау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).

3.Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз. Отбасы-ңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз

4

7-апта: Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау

Девиация мен әлеуметтік бақылау. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық). Аномия мен қоғам. Деликвенттілік және қылмыс.

Девианттылы қ және қылмыскерлі ктің әлеуметтанул ық құрылымдары

  1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.

Сараптамалық шолу. Э.Дюркгеймнің «девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі» деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

  1. Г.Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г.Сазерландтың Дифференциал дық ассоциация теориясының негізгі идеяла-рын түсіндіріңіз. «Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді» деген тұжы-рыммен келісесіз бе?

Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: «Жоғары сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді». (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).

4

8-апта: Дін, мәдениет және қоғам

Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік бірлік. Дін және әлеуметтік теңсіздік. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Дін феномені: мәдени және әлеуметтанул ық перспектива

  1. Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б.

  2. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

  3. Мәдени конвергенция мен мәдени имперализм идеяларының мазмұнын ашыңыз. (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).

4




9-апта: Этнос және ұлт әлеуметтануы

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік. Ұлт-мемлекет. Этникалық топтар мен олардың өзара тіршілік етуі. Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас. Этникааралық және конфессияаралық келісім. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қоғамды этноәлеуметтанулық зерттеу.

Қоғамдағы
Этникалық топтар: әлеуметтанул ық зерттеулер

1. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық топ» ұғымдарын салыстырыңыз.

  1. Этникалық топтар арасындағы өзара байланысты сипаттаңыз. Презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

  2. «Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» тақырыбында эссе-талқылау

жазыңыз.

4

10-апта: Білім және әлеуметтік теңсіздік

Жаһандық перспективадағы білім беру. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім берудің қызметтері. Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашы-лықтар. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары. Білім беру мен білімді дәріптеу.

Әлеуметтану лық дискурстағы білім беру

  1. Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құрыңыз. Топтық жұмыс (4 адамнан көп емес).

  2. Білім адамның мәртебесін айқындайтын басты фактор болу себебін негізді түрде түсіндіріңіз. «Креденциализм» түсінігіне анықтама беріңіз. Негізделген мысалдар келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

  3. «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы» эссе-негіздемесін дайындаңыз.

4

11-апта: Масс-медиа, технологиялар және қоғам

Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифровизация. Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік өзара әрекет. Қазіргі заманғы технология-лар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиа-лық жаһандану. Масс-медиа мен технологияларды зертеу-дің теориялық бағыттары. Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивация-ның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.

Цифрлық технологияла р мен әлеуметтік өзара әрекет

  1. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз.

  2. Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып көрсететін схема дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология ).

4

12-апта: Экономика, жаһандану және еңбек

Тарихи перспективадағы экономикалық даму. Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау. Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары. Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі. Еңбектің жаһандық бөлінісі. Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде. Рационалдылық мәдениеті. Прагматизм мен жоспарлау.

Жаһандық экономика және еңбек бөлінісі: әлеуметтануық талдау

1.Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың ерекшеліктерін талдап беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
2. «Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі»
тақырыбында эссе дайындаңыз.

4

13-апта: Денсаулық және медицина

Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада). Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау. Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу. Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеумет-тік аспектілері. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімді-лігі. Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы.

Физикалық денсаулықты ң әлеуметтік эпидемиологи ясы

1. Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз.
2. Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

4

14-апта:Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

Жаңғыру және урбанизация. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары. Халық туралы заманауи зерттеулер. Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір. Қоғамдық қозғалыстар-дың бастаулары мен түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро және макро-факторлар. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.

Қоғамдық қозғалыстар, наразылық және адамдардың ойлауы: қазіргі күйі

  1. Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындаңыз. Мысалдар келтіре отырып, Қазақстанның ерекшелігін көрсетіңіз.

  2. Бір мемлекет мысалында демогра-фиялық дамудың ерекшеліктерін ашыңыз. Орын алған демографиялық өзгерістер мен олардың қоғамға әсерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э.).

4

15-апта: Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар

Әлеуметтік өзгеріс. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеумет-танулық перспективалары. Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері. Гомогенизация және унификация.

Әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну: Әлеуметтану лық пікірталастар

1. «Әлемде (соңғы жарты ғасырда) болған қоғамдық қозғалыстар: қоғам-ға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар» тақырыбы бойынша индивидуалдық презентация.
2. «Әлеуметтік өзгеріс» ұғымына анықтама беріңіз. Технологиялар мен Әлеуметтік өзгерістердің өзара байланысын зерттеудің әлеуметтану-лық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық функционализм пен қақтығыс теориясы.
Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеуліктерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).
3.Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеу-дің негізгі әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық-функцио-налдық бағыт, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).

4

Ескерту: 1 академиялық кредит - 30 академиялық сағат
Барлығы: 2 академиялық кредит - 60 академиялық сағат







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет