- Айыппұлдық санкциялар: Әрбір білім алушының этикасы мен өзін өзі ұстау ережесін бұзғаны үшін 1 балл айыппұл салынады және сонымен қатар берілген тапсырманың көрсетілген мерзімде орындалмауына байланысты кешіккен әр күніне 2 балл көлемінде айыппұлдық санкциялар қолданылады.
- Коллоквиум өткізу тәртібі:Коллоквиум мақсаты – сабақ барымында игерген білімдерін жинақтау, курстың әр тарауы қосымша сұрақтар бойынша теориялық білімдерін жинақтау, студент оқытушы тарапынан берілген қосымша әдебиеттарді қолдана отырып, берілген сұрақтар бойынша жазбаша нысанда оқытушыға жеткізуі тиіс.
Жоғарыдағы тапсырмаларды орындаған жағдайда оқытушы әр аптаның соныңда студенттерге берілген тапсырмалар бойынша қорытынды бағаларын айтады.Студенттер алынған бағасы бойынша дауласуға құқығы бар. Студенттердін пікірін есепке алып, оқытушы соңғы шешімді өзі қабылдайды.
Курс талаптары - сабаққа мүмкіндігінше кешікпеу
- сабақта тақырыптан ауытқымау, сабаққа қатыссыз материалдарды пайдаланбау.
-сабақ үстінде өзге әңгіме жүргізбеу, ұялы телефонды қоспау;
-сағыз шайнамау;
-сабаққа сәйкесінше киініп келу;
-сабақтан себепсіз қалмау (анықтама болуы тиіс);
-сабақтан қалған күндерде оқытушы белгіленген мерзімде өтеу;
-әрбір сабақта белсенділік көрсету;
-тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі
-тапсырманы тиянақты орындау
-оқытушымен, студент-құрбыларымен достық, ашық қарым-қатынас орнату;
-барлық сабақтарда оқытушымен кері байланыста болып отыру;
-ұжымдық жұмысқа араласу, аса ұяң студенттерді пікір таласқа қатысуға тарту;
-жауапкершілікті сезіне білу, жүктелген міндеттерді орындай білу;
-ішкі тәртіп пен ережелерді қадағалау (Корпоративті мәдениет кодексі, студенттердің этикалық кодексі және т.б.).