Батыстық әлеуметтану ғылымында қазіргі қоғамды негізгі бес өлшемге байланысты страфикациялайды: 1. Кіріс. Бұл жеке адамның немесе бір жанұяның белгілі бір уақыт ішінде табатын ақша сомасы.
2. Байлық. Бұл кірістің өте жоғары болып, күнделікті шығыстан табыстың артып отыруы нәтижесінде ақшалай немесе мүлік түрінде игіліктің жиналуы. Байлық жеке адамның, жанұяның немесе жанұя ұрпағының қоғамдағы жағдайын зор ықпал етеді.
3. Билік. Бұл біреудің екінші біреуге үкімігн жүргізіп, еркіне көндіріп ықпал етуі болып табылады. Ол қоғамда адамға белгілі бір артықшылық беріп, оның әлеуметтік салмағын көтере түседі.
4. Білім. Бұл қазіргі ақыл-ой ақпарат қоғамында зор маңызға ие. Мұнда тек ғана білім деңгейі ғана емес, Батыста ЖОО-ның маңыздылығы да ескеріледі.
5. Кәсіп. Бұл адамның белгілі бір теориялық және практикалық дайындығы бар еңбек қызметі болып табылады. Мұнда да адамның лауазымына кәсіптің маңыздылығы ықпал етеді.
2. Қоғам ілгерілеп, дамыған сайын, оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты «әлеуметтік мобильдік» түсінігі пайда болды. «Әлеуметтік мобильдік» деп қоғамдағы жеке индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады: 1) вертикальді (тік) мобильдік - индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикальді мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау бағытында болады. Мысалы: адам қызметте жоғары көтеріліп немесе қызметінің төмендеп кетуі, тұрмыс жағдайының жақсаруы немесе құлдырауы.
2) горизонтальды (көлбеу) мобильдік, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер. Индивид бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы: кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметіне тағайындалса, оның статусында өзгеріс болмайды.
Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елде жеке адам мен әлеуметтік топтардың дамуына үлкен мүмкіндік бар. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда "төменгі және жоғары" таптардың үлес салмағына қарағанда "орта таптың" үлес салмағынының өсіп отырғанын айтады. Оны ромб бейнесінде көруге болады. Ал, қазіргі нарықтық жағдайындағы Қазақстанның да әлеуметтік құрылымы күрделі өзгеріске ұшырап, табысқа және экономикалық жағдайына байланысты топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар пайда болды. Осыған қарап Қазақстандағы әлеуметтік иерархияны үшбұрыш ретінде бейнелеуге болады