Маймылды енесінен айырып, оқшау өсіру. Адамды бағып-қағудың қажеттілігі Классикалық тәжірибелер сериясы бойынша психолог Гарри Харлоу мен оның серіктестері маймылдарды толық оқшаулап өсіргенде не болатынын зерттеген. Маймылдың балалары сүт беретін механикалық аналық мүсінмен бірге бөлек торларда тіршілік еткен. Бала маймылдардың қоректері жеткілікті болғанымен, әлеуметтік әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылмаған. Нәтижесінде, олар жұптасуды немесе өздерінің балаларын тәрбиелеуді үйрене алмаған. Бұл тәжірибелер нәтижесінде тіпті туа біткен мінез-құлықты да өзара әрекетке түсу арқылы дамыту керек деген болжам жасалған.
Алайда адам болуды үйрену – маймыл болуды үйренуден мүлдем өзгеше, сондықтан Харлоу тәжірибелері балалардың тәрбиесіз өсуінің салдары қандай болатыны жорамалдауға ғана мүмкіндік береді. Балалардың да, маймылдардың да физикалық және әлеуметтік дамуы үшін өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Баламен серуендеу, сөйлесу, оған мейірлену, күлімсіреудің барлығы да тұрақты әрі тығыз қарым-қатынас орнату арқылы оны әлеуметтендіру болып табылады.
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы (менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттық экономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан тұрады. Ұлттық мемлекет рөлінің өзгеруі мен трансұлттық кеңістіктердің пайда болуы адамдарды ұлттық сезімнен айырмайды. Бірегейлену мәселесі қоғамдардың қауымдастыққа өтуі деңгейінде, мысалы, еуропалық қауымдастық аясында зерттелген. Мұнда көпдеңгейлі плюралистік бірегейлік пайда болады. Егер еуропалық ықпалдасу ортақ ұқсастықтары бар елдер арасында жүріп жатса, онда ғаламдық деңгейде кейбір мәдени әмбебап ортақ мода, туризм, білім сияқты құбылыстарды кездестіруге болады. Еуропалық ықпалдасу жағдайындағыдай жаһандану барысында да елдердің аумақтық, мәдени, тарихи естеліктері сақталады, бірақ, өз елдерінен тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі туады, мәдени қалыптардың ортақтығы арта түседі, біріккен жүйенің мүшесі болу мүмкіндігі туып, өзара байланыстылық кеңейеді. Сонымен қатар жеке тұлға ұлттық белгісі мен азаматтығын әртүрлі қабылдайды. Мәдениеттердің жаһандануы экономикалық қатынастардың, ақпараттардың жаһандануына қарағанда қарқынды емес. Сондықтан да барлық қарым-қатынаста мәдени ерекшелік сақталып қалады.
Рөлдер Қоғамның мәртебелік құрылымы адамдардың күнделікті бетпе-бет кездесуінің сипаттарын көрсететін элеуметтік интеракция шеңберін қалыптастырады. Бұл шеңбер рөлдерге толған. Рөлдер - белгілі бір әлеуметтік жағдайға ие адамдардан күтілетін әрекет және ойлау тәсілдері. Театр метафорасын пайдалансақ, мәртебе құрылымы дегеніміз - рөлдерді ойнайтын кейіпкерлер болса, ал рөлдер - кейіпкерлердің қалай сөйлеп, қалай жүріп-тұратынын, бір-бірімен қалай байланысатынын нақтылайтын сценарий. Әлеуметтанушылар бір-бірімен үйлеспейтін рөлдік міндеттердің екі түрін ажыратады: бір мәртебенің аясында үйлесімсіз рөлдік міндеттер қалыптасса, мұны рөлдердің шиеленісі деп атаймыз да, оны рөлдік шиеленіс ретінде қарастырамыз; ал егер бірнеше мәртебенің нәтижесінде әркелкі рөлдік міндеттер туындаса мұны рөлдер қақтығысы дейміз.
Мәртебе Қоғамның негізгі іргетасы - мәртебе. Ол - адамның басқа топ мүшелеріне қатысты қоғамнан алатын орны. Мәртебе «қол жеткізген» және «туабітті» болып екі санатқа бөлінеді. Қол жеткізген мәртебе - адамның ғұмырында қол жеткізе алатын қоғамдағы орны (ол жақсы не жаман болуы мүмкін). Әке болу - қол жеткізген мәртебе; сотталу да сондай. Туабітті мәртебе - туғаннан немесе мұрагерлікпен берілген, өзгермейтін деп танылған мәртебе. Мысалы, кей адамдар операция арқылы жынысын өзгертсе де, енді біреулер бір нәсілден екінші нәсілге «ауысып» жатса да біз жыныс пен нәсіл өзгермейді деп есептейміз. Сондықтан әлеуметтанушылар жыныс пен нәсілді туабітті мәртебе деп қарастырады. Әр адам бір мезгілде сан мәртебенің иесі болады. Сіз біреудің қызы немесе ұлы, спортшы, христиан, даяшы және тағы басқа болуыңыз мүмкін. Мәртебелердің осындай қосындысы мәртебелер жиынтығы деп аталады. Әлеуметтанушылар әдетте қоғамның мәртебелік құрылымын төрт мәселеге қатысты талдайды: 1) қоғамда бар мәртебелердің саны. Мәртебелер жиынтығы- мен түрлері; 2) осы мәртебелердің адамдар арасында таралуы; 3) түрлі адамның барлық мәртебелерінің мәртебелерге ие болудың салдары, ресурстары және мүмкіндіктері қосындысы. 4) белгілі бір қоғамдағы мәртебелердің ықтимал комбинациясы.