Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет75/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Нәресте өлімінің коэффициенті - туа салысымен шегінеп кеткен сәбилердің әрбір дүниеге келген 1000 тірі нәрестеге шаққандағы саны. Адамзат тарихының көп бөлігінде нәрестелердің 1/4 бөлігінен 1/3 бөлігіне дейін бір жасқа жетпей шетінеп кететін. Индустриалдандыруға дейінгі қоғамда туу да, өлім де жиі болатын. Бұрынғы кезеңдегі халы қ саны Адамзат тарихының басым бөлігінде туу және өлім көрсеткіштері 1000 адамға 40-тан болған. Екі көрсеткіш бірдей болғандықтан халық саны баяу өсті. Орта есеппен алғанда, әйел адам өмірінің 20-дан 45 жасқа дейінгі бөлігін дүниеге бала әкеліп, оларды бағып-қағумен өткізеді. Егер әйелі мен күйеуі 45 жасқа дейін өмір сүрсе дүниеге шамамен 6-10 бала әкеледі. Себебі өмірдің орташа үзақтығы - 30-35 жас болатын. Өмір сүру жасының қысқалығы нәрестелердің шетінеу жиілігімен байланыстырылды. Нәресте өлімінің коэффициент! - туа салысымен шегінеп кеткен сәбилердің әрбір дүниеге келген 1000 тірі нәрестеге шаққандағы саны. Адамзат тарихының көп бөлігінде нәрестелердің 1/4 бөлігінен 1/3 бөлігіне дейін бір жасқа жетпей шетінеп кететін. Индустриалдандыруға дейінгі қоғамда туу да, өлім де жиі болатын.
Миграция үлгілері
Миграция дүниежүзінде халық санының өсуіне себепші фактор бола алмағанымен, жекелеген мемлекеттердің демографиясына қатты ықпал етеді. АҚШ - иммиграция зор әсер еткен елдің бірі.
АҚШ азаматтарының көбі - экономикалық жағдайын жақсарту үшін келген эмигранттар. Мәселен, жақында қоныс аударган мексикалық мигранттарды айтуға болады. Ирак, Босния және Судан сияқты елден келген иммигранттар босқындар болып саналады. Олар - соғыстың немесе экономикалық құлдыраудың кесірінен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандар. Ішкі және халықаралық миграция АҚШ-та біраз мәселе туындатып, мемлекеттің саяси бедерін өзгертті.
Иммиграция
АҚШ әрдайым иммигранттар елі болды. 1880-1920 жылдар аралығында иммиграция ең жоғары деңгейге жетті, кейін оны шектейтін қатаң заң қабылданған соң төмендеді. Иммиграция 2008 жылға дейін тұрақты өсіп отырды, кейін АҚШ-та жұмыс орындары қысқарған соң иммигранттардың қызығушылығы бәсеңдеді.
АҚШ-қа шамамен жыл сайын 1 миллион иммигрант кіреді. Соңғы иммигранттардың басым бөлігі - Латын Америкасынан немесе Азиядан келгендер. Иммигранттардың жартысы-көбінесе Мексикадан не Орталық Америкадан келетіндер - шекарадан заңсыз өтуі мүмкін.
АҚШ иммигранттары екі топқа бөлінеді. Біріншісі - жоғары кәсіби дайындығы бар, білімді, ағылшын тілін жақсы меңгерген және заңды жолмен келетін мамандар. Мысалға, үндістандық дәрігерлер мен компьютер бағдарламашыларын айтуға болады. Екінші топ - білімі жоқ, ағылшын тілінде сөйлей алмайтын, көбінесе шекарадан заңсыз өтетіндер. Бұл жұмысшылардың көпшілігі Латын Америкасынан келеді. Екі топтың тағдыры мен олардың АҚШ-қа ықпалы әртүрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет