Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


БАӨЖ, БӨЖ-на қойылатын талаптарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет99/103
Дата14.10.2023
өлшемі2,39 Mb.
#115139
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

БАӨЖ, БӨЖ-на қойылатын талаптарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:
Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, жазбаша бақылау жұмыстары, т.б.) қолданып анықтау.
Зерттеу жұмысы жасалынған жеке жоспар бойынша зерттеудің өзіндік мақсатына сай жеке дара орындалады.
Жеке жұмыстың мазмұны мен көркемділігіне төмендегідей талаптар қойылады:

  • Зерттеу жұмысын орындаудың міндетті шарты тәжірибелік материалдарды пайдалану;

  • Зерттеу жұмысының мазмұны оның жоспарына сай болып, тақырыптың мәнін ашуы қажет. Алғашқы бетіне оқу орнының аты, тақырыбы, студенттің аты-жөні, мерзімі жазылады;

  • Зерттеу жұмысында келтірілген дәйек сөздер мен сандық мәліметтерге пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылады;

  • Зерттеу жұмысы сауатты, таза, анық жазылуы қажет;

  • Зерттеу жұмысының соңында әдебиеттер тізімі жасалады;

  • Зерттеу жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі қажет;

  • Кешіктірілген зерттеу жұмысының бағасы төмендетіледі.

Жоғарғы оқу орындарының ең негізгі тапсырмаларының бірі – студенттің өз бетімен жұмыс істеуі. Оның іске асуы студент бойында: ізденушілік, шығармашылық, іскерлік, логикалық ойлау мен зерттеушілік қасиеттерін тәрбиелейді.
Студенттің өзіндік жұмысы аудиторияда (СОӨЖ) және аудиториядан тыс (СӨЖ) жүргізіледі. Студенттің өзіндік жұмысы келесі жұмыстармен байланысты болуы мүмкін:

  • жазбаша жұмыс дайындау (доклад, реферат, қорытынды жұмыс)

  • вертуальді информация іздеу (интернет арқылы, локальді желі арқылы)

  • ой бөлісу (жеке, топпер)

  • теориялық ізденістер апробациясы (ғылыми конференцияларға қатысу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет