Бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»



бет33/82
Дата25.03.2023
өлшемі182,98 Kb.
#76050
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Не үйрендім? Не білдім? (Бекіту)
Кел, бірге оқиық!

1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

1







Түсінік хат
Ана тілі
(Барлығы – 114 сағат, аптасына -6 сағат)
«Ана тілі» пәні ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрығымен бекітілген (1-қосымша) Ана тілі пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. «Ана тілі» оқу пәнінің мақсаты – әліппеден кейінгі кезеңде білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру. Әліппеден кейінгі кезеңнің мақсатына жету үшін мынадай міндеттер орындалады: 1) тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу; 2) ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту; 3) мәтінді дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру; 4) ауыз әдебиет үлгілері мен көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу; 5) тілдік білімнің (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) негіздерін меңгерту; 6) бастапқы жазу нормаларын сақтап, сауатты жазуға дағдыландыру; 7) көркем жазу дағдыларын дамыту; 8) мәтінмен жұмыста дереккөздерді пайдалана білуге машықтандыру. «Ана тілі» пәнін оқыту А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдарына: оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу негізделеді. «Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 114 сағатты құрайды. Оқу пәнінің мазмұны: негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс); қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан; орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен; балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады. Оқылым материалының көлемі: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөзден тұрады. Оқу дағдысының толыққанды қалыптасуы білім алушының оқу жылдамдығы кезіндегі оқу тәсіліне, оқығанын түсінуіне және оқу мәнерлігіне тікелей байланысты болады. ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады. Ана тілі сабағында да жазба жұмыстарына, көркем жазу дағдысын жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп: әр сабақта әріп элементтерінің дұрыс жазылуын; әріптерді бір-бірімен байланыстыра жазуын; жазу каллиграфиясының дұрыс қалыптасуын қадағалау әр мұғалімнің міндеті болып табылады. Жазба жұмыстарының көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 15-25 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөзден көп емес, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (мұғалімнің көмегімен). Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді.анықтай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет