1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта/қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу;
1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу;
1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру.
1
140
Нені үйрендің?
1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен – кіші, жоғары – төмен, кең – тар, жуан – жіңішке, қалың – жұқа);
1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.
1
«Дүниетану» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағатты құрайды.
«Дүниетану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (8-қосымша) «Дүниетану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Бұл пәннің ерекшелігі – біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады. «Дүниетану» пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
«Дүниетану» пәнін оқыту:
1) білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыруға;
2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін түсінуге;
3) білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуына;
4) білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға;
5) білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбилеуге;
6) білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыруға бағытталады.