Жаратылыстану . 1 сынып
Күнтізбелік –тақырыптық жоспар
(Барлығы – 35сағат,аптасына -1 сағат)
Түсінік хат
«Жаратылыстану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (7-қосымша) «Жаратылыстану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – білім алушының жаратылыстану ғылымы негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру және зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.
«Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері:
- пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
- пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
- бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады.
- білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Жаратылыстану» пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: қоршаған орта құбылыстарын бақылау; бақылау кезеңдері; эксперимент;
2) «Жанды табиғат»: жанды ағзалар; өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі, ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер; өсімдіктің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым; жабайы және мәдени өсімдіктер; мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау); өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар); жануарлар, жабайы және үй жануарлары, үй жануарларын күту, үй жануарларының келтіретін пайдасы, жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету; адам, адамның дене мүшелері, адамның өмірінің кезеңдері, тамақтану, демалу;
3) «Жер және ғарыш»: жердің пішіні, глобус – жер моделі, ғарыш, ғарыш денелері, астрономия туралы алғашқы түсініктер; зымырандар, телескоптар, уақыт, уақыт өлшеу құралдары, сағат, күнтізбелер;
4) «Табиғат физикасы»: түрлі денелердің қозғалысы, табиғаттағы қозғалыс, адамдардың қозғалысы, қозғалыс траекториясы, қозғалыс траекториясын сурет түрінде белгілеу, жарық пен қараңғы, жарықтың табиғи және жасанды көздері, жарықтандыру, дыбыс және оның таралу ерекшеліктері, дыбыстың табиғи және жасанды көздері бар заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |